Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу туралы
ақпарат
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне енді.
Осы Заң жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ Жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларға жауапты қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтар ұғымы– иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қалып қойған, немесе жауапты адам тарапынан қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтар.
Адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер мен мысықтарды ортадан алып қоюдың (аулау және жансыздандыру) мақсаты аса қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының, адамдарды тістеген және шабуыл жасаған жағдайлардың алдын алу және болдырмау болып табылады.
Жиі кездесетін аурулардың бірі-құтыру, қаңғыбас иттер мен мысықтар құтыру вирусының тасымалдаушысы бола отырып, байланыс арқылы (шабуыл, тістеу) инфекцияны жұқтыруға әкеліп соғады және адам мен жануарлардың денсаулығына зиян келтіреді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру, «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау», «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру», «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» иттер мен мысықтардың адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жағдай жасауға, санитариялық – эпидемиологиялық, ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және қаңғыбас жануарлардың санын бақылауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15 бабы, 4 тармағына сәйкес «Жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда» жануарларды жансыздандыруға рұқсат етіледі.
Ақмола облысының ветеринария басқармасы (одан әрі-Басқарма) "Ақмола облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидасы", "Ақмола облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидасы" дайындалып, Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №7С-20-7, №7С-20-8 шешімдерімен бекітілді.
Басқарма келесі бюджеттік бағдарламаларға әкімші болып табылады (719), бірақ қаңғыбас иттер мен мысықтардың осы бағдарламалар бойынша жұмысын мемлекеттік сатып алуды ұтқан жеткізушілер атқарады;
010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды (жансыздандыру) ұйымдастыру».
032 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау»
033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру»
034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру»
Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша "Жануарларға жауапты қарау туралы" ҚР Заңын іске асыру үшін облыстық бюджеттен қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
2023 жылы төрт бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен 96,5 млн. теңге бөлінді (010 - "қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыруды ұйымдастыру"-20,0 млн. теңге; 033- "қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру"-4,0 млн. теңге; 034-"қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру"-27,0 млн. теңге; 032-"қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау" - 45, 0 млн. теңге").
2023 жылы облыста барлығы 6,0 мыңнан астам қаңғыбас иттер ауланды.
2024 жылға Басқарма конкурс өткізу үшін техникалық сипаттама әзірлеп, мемлекеттік сатып алулар жүргізді. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша «Казшосқұрылыс» ЖШС Атбасар, Сандықтау, Есіл, Жақсы, Жарқайын аудандарында ұтты. "Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыруды ұйымдастыру"; "Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру"; "Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру"бағдарламалары бойынша қазіргі уақытта келісім шартқа қол қою жүргіліп жатыр. «Казшосқұрылыс» ЖШС-мен Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандарымен және Көкшетау қаласы "Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыруды ұйымдастыру"; және "Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру"; бағдарламаларыбойынша қол қою жүргізіледі.
"Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру"бағдарламаларын Аршалы, Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл аудандары мен Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік сатып алуды жеке кәсіпкер «Әліп» ұтты. Қазіргі уақытта шарт жасалды.
Алғашқы мемлекеттік сатып алуға ешкім қатыспағанына байланысты Ақкөл, Шортанды, Ерейментау аудандары мен Степногорск қаласы бойынша әр аудан мен қаланы жекелеп мемлекеттік сатып алу жүргізіледі.
Аршалы, Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл аудандары мен Қосшы қаласы, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандарымен және Көкшетау қаласы бойынша "Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру"бағдарламасын мемлекеттік сатып алуда«Альянс Строй инжиниринг»ЖШС ұтты. Қазіргі кезде шарт келісуге жолданды.
"Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу жалғасуда. Қазір алдын ала өтініштерді қарау жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысының ветеринария
басқармасы басшысы Т. Жүнісов