«Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ «Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК қызметі аудан аумағында ветеринарлық-профилактикалық және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға негізделеді.

Конкурс өткізу мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 402 каб, анықтама үшін телефон: 8-(7162) 72-29-05, электрондық мекенжайы a.temirtasova@akmo.gov.kz.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы. Мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өтісімен аяқталады.

Қосымша анықтаманы жоғарыда көрсетілген мекен-жайдан алуға болады.

«Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау
Дата публикации
07 августа 2020