Кеңес хаттамасы

2022 жылғы 1 маусымда Ақмола облысы әкімі орынбасары Қ.М.Ыдырысовтың төрағалығымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл"№4 үлгілік базалық бағытты іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізілді

Кеңеске Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Ж. Жақиялин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ш. М. Әкімбеков, облыстық басқармалардың басшылары, базалық бағытты іске асыру бойынша жауапты мамандар, "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі С.О. Тайтенова қатысты .

Кеңесте келесі шешімдер қабылданды:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауларын көпшілік алдында талқылау бойынша жұмысты жалғастыру;

Қоғамдық бірлестіктермен жұмысты жалғастыру;

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

Кеңес хаттамасы
Дата публикации
02 июня 2022