Шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді "Ақмола облысының ветеринария басқармасы" ММ интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің мамандары жүзеге асырады. https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-vet?lang=kz "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ветеринария саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның (бұдан әрі - заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші– оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану тәртібі туралы қосымша ақпаратты "Ақмола облысының ветеринария басқармасы" ММ 8-(716-2) 72-29-08; 72-29-72-29-20 телефондары немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 402-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.