2021ж 22.01 № 01-09/н-11
«Ақмола облысының
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стандартын бекіту
туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, ветеринария саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жүйесін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.
2. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 мамырдағы № 01-08/н-25 Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысы бұйрығының күші жойылсын.
3. Әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімі осы бұйрықтың «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Д.С.Жамантаевқа жүктелсін.
5. Персонлады басқару қызметі «Ақмола облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін осы бұйрықпен таныстырсын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басшы Б. Булашев
«Ақмола облысының
ветеринария басқармасы» ММ
басшысының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 01-09/н-11
бұйрығымен бекітілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы ветеринария.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ.
Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері:
1) заңдылық, әдептілік қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде олардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін орындау барысында алынған, азаматтардың жеке өмiрiн, намысы мен арына қатысты мәліметтерді жарияламауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;
3.1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындау нәтижесінде алынған және коммерциялық, салық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпаратты жарияламауға және (немесе) таратпауға;
4) тікелей басшысын не өзі жұмыс істейтін ұйымның басшылығын туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы оған бұл жөнінде белгілі болған сәтте жазбаша хабардар етуге;
4.1) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде тиісті шаралар қолдануға;
5) белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу мәлімдеуге;
6) қызметтік әрекетін жүзеге асыру кезінде қызмет бабын теріс пайдалануға, төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;
7) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;
8) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
9) жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді және өзге де құзыреттілік әдістерін қолдануға;
10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбестік танытуға;
2) кәсіби (қызметтік) әдеп сақтауға;
2.1) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
2.2) бағынысты қызметкерлерге қатысты олардың қызметіне ықпал етуге қызметтік жағдайын пайдалануға жол бермеуге және құқыққа қарсы қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
2.3) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
2.4) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
2.5) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
3) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылықты сақтауға, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;
4) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
6) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
7) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге міндетті.
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері
1) салалық заңнамада Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлық тәуекелдер) жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық және құқықтық актілер әзірлеуге;
3) мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың қолданыстағы салалық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ескеруге;
4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық кеңестердің қарауына жолдауға;
5) халық тарапынан дәйекті сынға жол бермеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қарау кезінде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға міндетті.
3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері:</p>
1) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысанда, тәртіппен және мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етуге;
5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
7) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге міндетті.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар
Мемлекеттік қызметшілерге:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға;
1.1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
1.2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;
1.3) өкiлдi органның депутаты болуға;
1.4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
2) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
3) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
4) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге;
5) қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға;
7) заңды және жеке тұлғалар қызметкерге оның еңбек қызметімен байланысты әрекеті үшін сый ретінде табыс ететін кез келген сыйлықты, ақшалай сыйақыны, қызметтерді, қарызды, демалысқа, ойын-сауыққа жұмсалатын шығындардың, көлік шығындарының, ұялы байланыс шығындарының ақысын және басқа да сыйақыларды алуға;
8) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне;
9) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салынады.