Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы өңірлік деңгейде баспа БАҚ (газеттер) арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыратынын хабарлайды.
Тапсырысқа қатысу үшін өтінімдері бар конверттер Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 250-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2022 жылғы 1 наурыз сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы 2 наурызда сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 1-қабат, мәжіліс залы,.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушыға беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады, өтінімнің мазмұнын ашуға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (ол болған кезде) бекемделеді, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ТАПСЫРЫСҚА (тапсырыстың атауын көрсету) АРАСЫНДА (субъектінің атауын көрсету)» және (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсете отырып) «КҮНГЕ ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН».
Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.