Меню

Страницы

Статья

Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Көкшетау қаласында «Open consultation» ашық кеңес беру алаңы мен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және кеңес беру - жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілерге де маңызды. Себебі жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туғызады. Жастар ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылғандықтан, жастарды жұмыспен қамту, орталықтар үшін басты назарда тұр. 
Аталмыш шараға 250-ге жуық қала студенттері мен жұмыс іздеушілер, сондай-ақ 20-дан астам жұмыс беруші ұйымдар қатысты. Атап айтсақ, «Гормолзавод» ЖШС,  Көкшетау қаласының полиция басқармасы, Ақмола облысы бойынша ТЖД, білім беру мекемелері және тағы басқа ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, «Отбасы банк» АҚ  және Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілеттері өз бағыттары бойынша тегін кеңес берді.
«Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Ал, Қазақстанда жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Соңғы жылдары елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр» - деп облыстық ЖРО жастарды жұмысқа орналастыру маманы Ақжайық Қоныс атап өтті.
Аталмыш жәрмеңкелер Ақмола облыстық Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әр тоқсан сайын өткізіліп отырады. Алдағы уақытта да әр жыл және әр тоқсан сайын өткізіп отыру жоспарда тұр.

 

Дата публикации
25 сентября 2026
Дата обновления
02 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы