«Заң және тәртіп» нарративі аясында, Ақмола облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, Көкшетау қаласы, А. Мырзахметов атындағы университетінің алғашқы курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - жастардың құқықтық мәдениетін нығайту, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру, құқықтық теңдікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау норма болып табылатын тұрақты қоғам үшін жағдай жасау болып табылады.
Іс-шараға ювеналды полиция, экономикалық тергеу департаменті, прокуратура қызметкері және есірткіге қарсы бөлімінен полиция қызметкері, ұйымдастырушылар, оқу орнының тәлімгерлері мен студенттері қатысты.
Шара барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен заңға қайшы келетін әрекеттер жайлы тақырыптар қозғалып, тарқатылды.
«Бүгінгі күні қоғамда жиі кездесетін мәселелердің бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігі. Кей адамдар заңға бейжай қарайды, оны білмейді немесе елемейді. Сондықтан халықтың, әсіресе жастардың, құқықтық білімін арттыру қажет» - деп, аталмыш шараның модераторы Шыңғысхан Елеш тоқталып кетті.
Әрі қарай әр спикер өз бағыттары бойынша ақпараттармен бөлісіп, еркін форматта студенттермен диалог алаңын жүргізді.
«Бүгін біз жасанды интеллекттің қараңғы жағы туралы сөйлесетін боламыз.
ЖИ - бұл қуатты технология. Ол медицинада, білім беруде, ғылымда және зерттеулерде, банк саласында, бағдарламалауда қолданылады. Бірақ кез-келген технологияның кемшілігі бар. Ал бүгінде жасанды интеллект алаяқтардың қолындағы құралға айналды.
Бірақ жасанды интеллекттің кемшілігі де бар. Қылмыскерлер жасанды интеллект технологиясын кибер алаяқтықта, ақша мен деректерді ұрлауда және қылмыстық схемаларды автоматтандыруда қолданады.
Киберқылмыс трансұлттық сипатта болады. Қаржы ағындарын шатастыру арқылы қылмыскерлер банктік шоттарды, криптоплатформаларды қолдана отырып, қылмыстардан алынған ақшаны жылыстатады.
Мен сізге алаяқтардың қулықтарына түспеу үшін бірнеше кеңестер бергім келеді.
Біріншіден, ата-анаңызбен код сөзі туралы келісіңіз. Біртүрлі бейне қоңырау немесе аудио хабарлама түссе – кодты сұраңыз.
Бұл паранойя емес, бұл қауіпсіздік!
Екіншіден, өзіңіз білетін нөмірге қайта қоңырау шалыңыз.
Үшіншіден, ешқашан асығыс ақша жібермеңіз.
10 минут күтіңіз, шындыққа оралыңыз, ойланыңыз және бәрін сәйкестендіріңіз.
Төртіншіден, мессенджердегі профиліңізді сіз бен біз бөлшектеген қарапайым параметрлер арқылы қорғаңыз.
Бесінші, дауыстық хабарламаларды жазбаңыз немесе фотосуреттер мен бейнелерді бейтаныс адамдарға жібермеңіз – егер банк немесе Құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан хабарласса.
Бірақ қауіпсіздіктің ең маңызды кілті - сыни ойлау және зейін. Егер бірдеңе шындық болу үшін тым жақсы немесе тым оғаш болып көрінсе-тоқтап, тексеріңіз. Естігеніңіздің және көргеніңіздің бәріне соқыр сенбеңіз, әсіресе бұл күшті эмоциялар тудырса немесе сізден тез және асығыс әрекет етуді талап етсе.
Естеріңізде болсын – бүкіл семестрге стипендиясыз қалғаннан гөрі күдікті болып көрінген жақсы!
Алаяқтардың құрбаны болсаңыз - дереу құқық қорғау органдарына қоңырау шалыңыз. Неғұрлым тез жүгінсеңіз, ақшаны қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады» - деп өз сөзінде Ақмола облысы, экономикалық тергеу департаменті, талдау және тәуекелдер басқармасының уәкілі – Алиева Мадина Даулетқызы тоқталып кетті.
Қорытындылай келе, заң бәріне ортақ. Әр азамат оны құрметтеп, орындауға міндетті. Заң бар жерде әділет те, тұрақтылық та болады.