Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдары

Облыста барлығы 70 жұмыс істеп тұрған бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның ішінде 47-сі – баспа басылымдары (40 газет және 7 журнал), ал 23-і – электрондық БАҚ (2 телеарна, 6 кабельдік телевидение операторы, 13 ақпараттық агенттік және 2 радио).

Мемлекеттік емес БАҚ-тың үлесі шамамен 90%-ды құрайды.

Сонымен қатар, өңірде республикалық деңгейдегі 20 жетекші БАҚ-тың меншікті тілшілері жұмыс істейді.

Ақмола облысында әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» бастамаларын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған жүйелі ақпараттық жұмыс жолға қойылған.

Осы бағыттағы жұмыс аясында өңірде болып жатқан нақты өзгерістерді көрсететін әртүрлі форматтағы сапалы медиаконтент: бейнесюжеттер, инфографикалар, сұхбаттар және сараптамалық материалдар әзірленеді.

БАҚ пен мемлекеттік органдардың сапалы өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметі маңызды рөл атқарады. ӨКҚ алаңында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, қала және аудан әкімдерінің брифингтері өткізіледі.

Дата публикации
15 сентября 2026
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы