Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес ұйымдар

Ақмола облысында 633 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) тіркелген, оның ішінде: 372 қоғамдық бірлестік, 179 қоғамдық қор, 66 мекеме және 16 заңды тұлғалар бірлестігі.

ҮЕҰ-лардың жалпы санынан 477 ұйым жұмыс істеп тұр, 5 ұйым әрекетсіз деп танылған, 6 ұйым таратылған, 79 ұйымның қызметі тоқтатылған.

Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары – халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастар бастамаларын қолдау және волонтерлік қозғалысты дамыту, азаматтық белсенділік пен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, білім беру, мәдениет, спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру салаларындағы жобаларды іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды, ардагерлер мен қарт азаматтарды қолдау, экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ этносаралық келісім мен қоғамдық диалогты нығайту.

Ақмола облысында азаматтық қоғамды дамыту мақсатында Азаматтық орталық жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсететін ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша екі жылдық (2026–2027 жылдарға арналған) жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Дата публикации
15 сентября 2026
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы