Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:
- кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
- түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
- мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-га дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7162) 297243, 297251, 297330.
Орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі №21;
Косшы қаласы, Республика көшесі №46; Степногорск қаласы, шағын аудан 4, 1 ғимарат.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасында 2024 жылдың 1 тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі
Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің байланыс телефондары
Ақмола облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі:
8 (7162) 297243, 297251, 297330.