Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендияларын тағайындау шарттары

Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын
тағайындау жөніндегі комиссияның

2021 жылғы 2 қыркүйектегі
хаттамасымен
«Бекітілді»

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасында меншік нысанына қарамастан жоғары білім беру ұйымдарында оқу үшін Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын(бұдан әрі – атаулы стипендия) тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу рәсімін айқындайды.

Атаулы стипендия-тиісті білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтынстипендия.

2. Облыс әкiмiнiң атаулы стиендияларын тағайындау үшiн іріктеу Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 9 ақпандағы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы»Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. Негізгі міндеттер

        

3. Облыс әкiмiнiң атаулы стипендияларын тағайындаудың негiзгi міндеттері мен мақсаттары:

1) Ақмола облысының жастарыныңқолжетімді және сапалы білім алуын, ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуын қамтамасыз ету;

2) жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау;

3) жастарды Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарды таңдауға тарту;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды, талантты және дарынды жастар өкілдерін қолдау.

 

3. Облыс әкiмiнiң атаулы стипендияларын тағайындау үшiн үміткерлерді іріктеу тәртібі

 

4. Облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау үшін меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны (бакалавриат) бойынша ақылы негізде оқитын студенттерді іріктеуді Ақмола облысы әкімдігінің жанынан құрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

Комиссияның жұмыс органы «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бағдарлама әкімшісі) болып табылады.

5. Облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға бірінші және кейінгі курстардың ақмолалық студенттері, сондай – ақ меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын 29 жасқа дейінгі интерндер мен резиденттер үміткер болып табылады. Барлық үміткерлер ҚР азаматтары болуы қажет.

Бұл ретте, студент еңсерілмейтін күш мән-жайларына байланыстықашықтықтан оқытуға ауысқан жағдайда, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, әскери іс-қимылдар, блокада, пандемия, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тиісті анықтамасымен расталған стипендия иесінің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, Мемлекеттік органдардың актілері мен басқа да мән-жайлар туындауына байланысты атаулы стипендия тағайындау және төлеу осы шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Облыс әкімінің атаулы стипендиясы келесі санаттар бойынша беріледі:

1) Ақмола облысында кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын студенттер, интерндер және резиденттер (1-қосымшаға сәйкес). Бұл ретте келесі критерийлерге сәйкес келетін студенттер, интерндер және резиденттерстипендия алуға басым құқыққа ие болады:

- оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіштері бар;

- ғылым саласында жоғары жетістіктері бар (халықаралық ғылыми конкурстарда, конференцияларда, т.б. жүлделі орындар).

2) Үздік және жақсы үлгерімі бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын студенттер:

- көп балалы отбасы;

- жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;

- 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

- ата-анасының біреуі немесе екеуі де 1, 2 топтағы мүгедектер;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы;

- толық емес отбасы;

- жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегіне дейін, азық-түлік себеті бар, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушы болып табылатын отбасы.

3) Үздік және жақсы үлгерімі бар, жастар ұйымдарының мүшелері мен белсенділері болып табылатын студенттер:

- оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіштері бар;

- ғылым саласында жоғары жетістіктері бар (халықаралық ғылыми конкурстарда, конференцияларда, т.б. жүлделі орындар).

4) Жоғары жетістіктері бар Студенттер:

- мәдениет және өнер саласында (халықаралық шығармашылық конкурстарда, жарыстарда, т. б. жүлделі орындар);

- әр түрлі спорт түрлерінде (Қазақстан Республикасының чемпионаттарында немесе олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындарға білдіреді.

6. Үміткерлерді іріктеуді комиссия мынадай құжаттар негізінде жүргізеді:

  • өтінім-сауалнаманы (2-қосымшаға сәйкес) үміткер https://egov.kz/wps/myportal/Esedoсайтта толтырады;
  • үміткердің жеке куәлігінің сканерленген түпнұсқасы;
  • екінші және одан кейінгі курстардың студенттері, интерндері және резиденттері үшін ЖОО-ның бірінші басшысының қолымен және ЖОО-ның мөрімен транскрипттің сканерленген түпнұсқасы,  не бакалавриатты аяқтағаны туралы дипломның сканерленген түпнұсқасы (1 курста оқитын интерндер үшін), не интернатураны аяқтағаны туралы дипломның сканерленген түпнұсқасы (1 курста оқитын резиденттер үшін);
  • бірінші курс студенттері үшін жалпы орта білім туралы аттестаттыңсканерленген түпнұсқасы немесе техникалық және кәсіптік білім туралы қосымшасы бар дипломның сканерленген түпнұсқасы;
  • үміткердің ағымдағы жылғы оқу ақысын төлеу туралы шарттың сканерленген түпнұсқасы;
  • соңғы үш жылда үміткердің мәдениет және өнер, ғылым, спорт саласындағы жетістіктерін растайтын куәліктердің, дипломдардың, грамоталардың, сертификаттардың (олар болған кезде) 7 бірліктен аспайтынсканерленген түпнұсқалары;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үміткерлер  (отбасының) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың сканерленген түпнұсқаларын ұсынады;
  • жастар ұйымдарының белсенділері болып табылатын үміткерлер ұйымның мөрімен және бірінші басшының қолымен қосымша қолдаухатыныңсканерленген түпнұсқасын ұсынады;
  • карт-шот туралы анықтаманың сканерленген түпнұсқасы.

7. Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын алуға өтінім-сауалнама және қажетті құжаттар https://egov.kz/wps/myportal/Esedo электрондық үкімет порталы арқылы сканерленген нұсқада электрондық - цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылыұсынылады.

Өтінім құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана қаралады.

8. Құжаттарды қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдерін жыл сайын бағдарлама әкімшісі бекітеді және облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі-30 (отыз) күнтізбелік күн.

9. Атаулы стипендия бір рет беріледі.

10.Комиссия төрт санаттың әрқайсысы үшін атаулы стипендияға үміткерлерді іріктеу квотасын пайыздық арақатынаста белгілейді,берілген өтінімдердің санына және ұсынылған құжаттарды жан-жақты талдау нәтижелері бойынша үлгерім рейтингтері негізінде үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Бұл ретте комиссия әрбір санат ішінде мынадай үміткерлер үшін жеке квота белгілейді:

1) транскрипт немесе бакалавриатты аяқтағаны туралы диплом (1 курста оқитын интерндер үшін) немесе интернатураны аяқтағаны туралы диплом (1 курста оқитын резиденттер үшін);

2) жалпы орта білім туралы аттестатты немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы қосымшасы бар дипломды ұсынған;

11. Атаулы стипендия алуға конкурс өткізу кезінде тең көрсеткіштер болған жағдайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттердің, I және II топтағы мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмейтін мүгедектердің басым құқығы бар.

12. Облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау туралы шешім міндетті түрде облыс әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалған үміткерлердің аттарын және әрбір үміткерге (бұдан әрі – стипендиаттар) төленетін стипендияның мөлшерін қамтитын хаттама түрінде ресімделеді.

13.Талап етілетін мамандықтар бойынша оқитын стипендиаттар үшін атаулы стипендия тағайындалғаннан кейін 15 (он бес)күнтізбелік күн ішінде атаулы стипендия иегері, әкімші және әлеуетті жұмыс беруші арасында Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын беру және пайдалану тәртібі туралы үш жақты шарт (бұдан әрі-шарт) жасасу көзделген. Бұл ретте, жұмыс өтеу мерзімі 3 (үш жыл) құрайды.

13-1. Жұмысты кейінге қалдыру ерекше жағдайларда беріледі:

1) мерзімді әскери қызмет кезеңінде адамдарға тиісті органнан анықтама бере отырып және сәйкес құжаттарды ұсына отырып;

2) үш жасқа дейінгі баланы күтуге құқық беретін уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап тиісті құжаттарды ұсына отырып, жүктілігі және босануы бойынша демалыс алуға құқылы;

3)магистратураға одан әрі оқуға түсуге байланысты.

14. Стипендиат осы Талаптардың 13-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасалмаған жағдайларда, сондай-ақ стипендиат конкурсқа қатысу үшін ұсынылған көрінеу жалған мәліметтер ұсынған жағдайларда, комиссия атаулы стипендия тағайындау туралы шешімді күшін жою мәселесіне бастамашылық жасайды.

15. Бағдарлама әкімшісі облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындағаннан кейін стипендиаттар оқып жатқан жоғары оқу орындарының назарына тиісті ақпаратты жеткізеді, сондай-ақ «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында (uvp-akmo.gov.kz)Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі-комиссия) орналастырады.

16. Стипендиат атаулы стипендияны жыл сайын төлеу үшін оқу жылы аяқталғаннан кейін бағдарлама әкімшісіне күндізгі ақылы оқу нысанын растайтын тиісті анықтаманы және өткен оқу жылындағы транскрипттің түпнұсқасын ұсынады.

17. Комиссия облыс әкімінің атаулы стипендиясын қайтарып алу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) стипендиатты сырттай оқу нысанына ауыстырылғанда;

2) стипендиат талап етілмеген басқа мамандыққа ауыстырылғанда;

3) «әлеуметтік осал топқа жататын» және «жастар ұйымдарының белсенділері» санаты бойынша стипендия алған стипендия алушыларда «қанағаттанарлық» немесе «қанағатсызданарлық» бағалар болған жағдайда;

4) теологиялық және медициналық мамандықтар бойынша білім алатын стипендиаттарда оқу жылының қорытындысы бойынша бағалардың жалпы санынан «қанағаттанарлық» деген бағалардың 20% - дан астамы немесе «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың болған жағдайда;

5) «түрлі спорт түрлерінен жоғары жетістіктерге жеткен» және «мәдениет пен өнер саласында жоғарғы жетістіктерге жеткен» санаттары бойынша шәкіртақы алған шәкіртақы алушыларда «қанағатсызданарлық» бағалар болған жағдайда;

6) ауысу балының ең төменгі мөлшерінің жетіспеуі себебінен стипендиаттың қайта оқу курсынан өтуі;

7) дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде спорттық нәтижелердің төмендеуі немесе спорттық мансаптың аяқталуы, Ақмола облысында өнер көрсетудің аяқталуы (тек «спорттың әртүрлі түрлерінде жоғары жетістіктері бар» санаты бойынша стипендия алған стипендиаттар үшін);

8) стипендиатты мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға немесе оқытудың өзге де тегін нысанына ауыстыру;

9) университеттен шығару.

18. Атаулы стипендияны төлеу студенттің академиялық демалысы кезеңінде тоқтатылады және академиялық демалыстан шыққаннан кейін қайта басталады.

19. Талап етілетін мамандықтар бойынша оқитын стипендиаттардан стипендия қайтарып алынған жағдайда, стипендиат бағдарлама әкімшісіне атаулы стипендия бойынша оның шотына жіберілген барлық шығыстарды өтеуге міндеттенеді (жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін бағдарлама әкімшісі стипендиатпен бірлесіп белгілейді, бірақ 6 айдан аспайды).

20. Бағдарлама әкімшісі стипендиядан бас тартқан не стипендиядан айырылған, сондай-ақ бағдарлама әкімшісі алдында 6 айдан аспайтын мерзімге қаржылық берешегі бар стипендиаттардың атаулы стипендиясына жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді.

21. Бағдарлама әкімшісі стипендия қайтарып алынған жағдайда тиісті ақпаратты стипендиаттар оқитын жоғары оқу орындарының назарына жеткізеді.

4. Облыс әкімінің атаулыстипендиясын тағайындау

22. Облыс әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалған сәттен бастап стипендиаттың оқуы аяқталғанға дейінгі кезеңге тағайындалады және осы шарттар сақталған жағдайда ғана әрбір оқу жылына транштармен төленеді.

23. Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде бағдарлама әкімшісі тиісті ақшалай төлемдерді студенттің карт-шотына аударады.

 

1-қосымшаны жүктеу

2-қосымшаны жүктеу

Дата публикации
03 сентября 2021
Дата обновления
03 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы