«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы 6 қағидат пен 17 арнайы жобадан тұратын түрлі форматтағы іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, өткізілді.
Бүгінгі танда үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: тұлғалық даму; ұлттық бірегейлік және халықаралық позициялау; мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы.
«Тұлғалық даму» бағытын іске асыру шеңберінде білімді, салауатты өмір салты ұстану, ұтымды мінез-құлық моделін қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар іске асырылды: «Замандас», «Ұяда не көрсен...», «Мен таңдаған мамандық», «Ақмола облысының таланттары», «Ізгілердің ізімен», «Қозы менен Баяндай», «Күш атасы-Қажымұқан», «Күй өнер,өнер-өнеге», «Ыбырай-Ұлт шамшырағы», «Батамен ел көгерер» және т.б.
«Ұлттық бірегейлікті және халықаралық позициялау» бағытын іске асыру шеңберінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, тұрмысын және дүниетанымын танымал ету мақсатында «Сіз білесіз бе?» «Қазақ балаға неліктен айдар, тұлым, кекіл және желке шаш қойған?», «Қазақ не себепті қыздарын оң босаға отырғызған?», «Кіндік кесу туралы не белесіз?», «Бес серік» жайлы не білесіз?» ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаты шеңберінде ақпараттық-танымдық жобалар іске асырылды әлеуметтік желіде жарияланды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Менің елім-менің жерім», «Бабалар рухы-балаларға» онлайн - конкурстары өткізілді, қорытындысы бойынша «Баталар жинағы» шығарылды және Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында «Балаларға базарлық» акциясы өткізілді. Брейн-ринг форматында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Өркендеген 30 жыл» дебат клубтары арасында зияткерлік ойындар мен жарыстар сериясы ұйымдастырылды.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан және А.Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті студенттері үшін Бурабай ауданының киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
«Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы» бағытын орындау мақсатында Ақмола облысы үшінші жыл қатарынан республикалық «Үздік жобалар» жинағына өз үлесін қосуда. 2021 жылы 3 жоба осы жинаққа енді: «Әке жолы», «Игі істер автобусы» («Автобус добрых дел») және «Аудиокітап». Әсіресе, «Аудиокітап» жобасы балалар әдебиетіне арналған жоғары баға алды.Өнім заманауи технологиялар мен 3D эффектілерінің көмегімен жасалды. Аудиокітапқа енген шығармалар QR-code-ға жүктеліп, Көкшетау қаласының аялдамаларына орналастырылды.
Сонымен қатар, өткен жылы «Көкшетау қаламгерлері» сериясы бойынша Жібек Бағысованың («Өмірлік өнер мектебім»), Қ.Оспан («ӘнЕл», «Төбел»), Ерден Нұрахмет («Алаш арысы - Б. Малдыбай»), Байқал Байәділ («Көкшенің Айбозы»), Мұсатай Ғалым «Ақмолалық асылдар» 3 томдық («Шешен», «Сал», «Батыр»), Қ.Төлекеев («Өмір сыры»), М.Қыдырбай («Жұпарлы жаңбыр») атты шығармалар жарыққа шықты. Кітаптардың тұсауы кесіліп, көпшілікке ұсынылды.
Жарас Қалдаровтың қысқаметражды «Бақытты күн», «Мақтанышым-Қазақстан», «Орман, көлім-Отаным» және Қуаныш Оспанның поэмасы негізінде этнографиялық «Сыбаға» деректі фильм фильмі түсірілді.
«Әлеуметтік жобалар Акселераторлары»-«Өзгерістердің саруарлары» республикалық жобасын енгізу мақсатында облыста «зәкірлік» жобаларды қалыптастыру бойынша ақпараттық - ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді. Сараптама комиссиясының талқылауына және қарауына облыстан 23 жоба ұсынылды. Нәтижесінде республикалық тізімге облыстан келесі бағыттар бойынша 5 жоба кірді: «инклюзия», «урбанистика», «білім беру», «құқықтық мәдениет», «туризм» және «экология».
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық ілгерілету мақсатында жылына екі рет 500 дана таралыммен «RuhaniAqmola» журналы шығарылады. ӨЖК тапсырысы бойынша бағдарламаның 6 бағыты бойынша бейнероликтер жасалды.
26-30 қыркүйекте «ҚазАқпарат» ХАА журналистері Асылбек Байтан мен Бауыржан Жуасбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Елге сапар» жобасы аясында Ақмола облысында болды. Кездесу барысында журналистер Көкшетау қаласының мәдениет мекемелерінде болып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, жазушылармен, ақындармен әңгімелесті. Зеренді ауданының Айдарлы, Қазақстан, Азат ауылдарына барып, киелі нысандарды аралады, белгілі тарихи тұлғалар туралы материалдар жинап, жергілікті өлкетанушылармен кездесулер өткізілді, суретке түсіру жүргізілді. Журналистердің материалдары «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің «Әдебиет порталы», «Қазақстан тарихы», «Ел» және т. б. платформаларында жарияланды.
Облыстың аудандары мен қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, басқармалардың жауапты мамандары және ӨЖК қызметкерлері үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа үрдістері мен мүмкіндіктері» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстық «Көкше» телеарнасында ротациялау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асуы "("Реализация программы "Рухани жаңғыру" в Акмолинской области") қысқаметражды фильмі, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Барлық іске асырылған жобалар мен жыл бойы өткізілген іс-шаралар өңірлік БАҚ-та және «Көкше» телеарнасында мақалалар Instagram, Facebook және Tik-Tok платформаларында, Youtube арналарында посттар мен бейнематериалдар жарияланды және орналастырылды.