Меню

Страницы

Статья

Жастар саясатын іске асыру

Ақмола облысының статистика департаментінің мәліметінше, 2025 жылы жастардың (14-тен 35 жасқа дейінгі) саны шамамен 210 мың адамды құрайды. Бұл өңір халқының жалпы санының 27 пайызына тең.

Қалаларда 118 687 жас (56,4%), ал ауылдық жерлерде 91 912 жас (43,6%) тұрады.

Облыста барлығы 25 296 студент білім алуда, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 13 112 адам, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында – 12 184 адам оқиды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-тен 34 жасқа дейінгі) 2,6%-ды құрады (Республика бойынша – 3,1%). NEET жастар үлесі – 5,4% немесе 10 574 адам.

Жастар саясаты саласындағы жұмысты реттейтін негізгі құжат – Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспар болып табылады. Оның негізгі бағыттары мыналар:

  • Жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту.

Жыл басынан бері «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Дипломмен – ауылға» және басқа да бағдарламалар аясында 5,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды.

  • Білім алудың қолжетімділігін арттыру және жастарды ғылыми қызметке тарту.

Жастар арасында ақпараттық сауаттылық пен IT-білім беру бойынша «Online JRO», «Ice Cream Pitch Day», «Jas Project», «Jas Kenes Syylygy», «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Aqmola Power» сияқты өңірлік жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері мен тәжірибелі спикерлердің қатысуымен кездесулер өтті. Барлығы 12 мыңнан астам жасты қамтыған 1500-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.

 

  • Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Тренингтер, семинарлар, форумдар форматында 1500-ге жуық іс-шара өткізілді. Кәсіпорындарда, жоғары оқу орындарында, колледждерде жастармен кездесулер ұйымдастырылды, аудандар мен шалғай елді мекендерге шығулар жүзеге асырылды. Сондай-ақ заңгерлердің, психологтардың, «Отбасы банк» консультанттарының тегін кеңестері берілді.

Облыста «Жасыл Ел» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаға 1356 адам қатысуда, жалпы қаржыландыру көлемі – 210 млн 557 мың теңге. Орташа жалақы – 85 мың теңге.

«Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы» білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Қаржыландыру көлемі – 125 млн теңге, 2025–2026 оқу жылында 197 ақмолалық жас стипендиант атанды.

Жастар бастамаларын қолдау және оларды қоғамдық өмірге кеңінен тарту мақсатында келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» – 12 млн теңге;
  • Инновациялық идеялар мен жобалардың өңірлік байқауы «AQMOLA POWER» – 1,3 млн теңге;
  • «Жас Ақмола» жастар сыйлығы – 5 млн теңге;
  • «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында 180 мың қаралым жинаған 120 бейнеролик әзірленді, тұрақты жұмыс орындарына 195 жас орналастырылды.

Облыста 21 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді (1 облыстық, 3 қалалық және 17 аудандық). Ақмола облысы жастар ресурстық орталықтарының жалпы штаттық саны – 158,5 бірлік, оның ішінде 25 – басшылық лауазымдар, 99 – жастармен жұмыс істейтін мамандар.

2025 жылға арналған жастар ресурстық орталықтарының жалпы қаржыландыру көлемі – 682 476 мың теңге. Оның ішінде: облыстық орталыққа – 107 088 мың теңге, қалалықтарға – 140 006 мың теңге, аудандықтарға – 435 382 мың теңге. Іс-шаралар өткізуге облыстық МРЦ бойынша – 16 806 мың теңге, еңбекақы төлеуге – 64 931 мың теңге, өзге шығындарға – 25 351 мың теңге бағытталған. Қалған МРЦ-ларда іс-шараларға – 102 688,8 мың теңге, еңбекақыға – 426 957 мың теңге бөлінген.

Материалдық-техникалық база.

Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары Көкшетау қаласындағы «Жастар орталығы» ғимаратында (Саябақ, 1) орналасқан. Орталықта жабдықталған жұмыс кабинеттері, конференц-зал, жастар мен волонтерлік ұйымдарға арналған кабинеттер, коворкинг аймағы және «TikTok house» алаңына арналған жеке кабинет бар.

Аудандық орталықтар арасында жеке ғимараттары Зеренді және Жақсы аудандарының жастар ресурстық орталықтарында бар.

 

Ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы 5 500-ге жуық іс-шара өткізіп, 500 мыңнан астам жасты қамтыды.

Ақмола облысында облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі облыстық кеңес, сондай-ақ 15 қалалық және аудандық кеңес жұмыс істейді.

Жалпы мүшелер саны – 178 адам, оның ішінде жастар және жастар ұйымдарының өкілдері – 72, ал әкімдік, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар мен өзге де мүдделі тараптар өкілдері – 106 адам.

Кеңес отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады: облыстық деңгейде – жарты жылда кемінде бір рет, аудандық деңгейде – қажеттілікке қарай.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында отырыс 12 маусым күні өтті. Онда Ақмола облысы, Қосшы қаласы мен Зеренді ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы, жастар арасында кальян мәдениетінің таралуының алдын алу, есірткімен күрес, «Серпін» жобасы түлектерін жұмыспен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ жастарды жеңілдетілген несие арқылы баспанамен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2025 жылға арналған жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы қаржыландыру көлемі – 3 млн теңге.

Облыс бойынша жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған 2 000-нан астам іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 100 мың адам қамтылды.

Волонтерлік қозғалыс дамып келеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жыл сайын кемінде екі волонтерлік жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында «Ақмола облысында волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» және «Мен – волонтермін» жобалары бар. Жалпы сомасы – 4,6 млн теңге. Волонтерлік жобаларды жүзеге асыру үшін әрқайсысы 500 мың теңгеден 5 грант бөлінеді.

Аталған іс-шаралар аясында облыс бойынша 3 мыңнан астам жас волонтер тартылды. Жыл басынан бері волонтерлер 1 500-ге жуық іс-шара өткізіп, 10 мыңнан астам адамды қамтыды. Жиналған қаражат көлемі 21 млн теңгеден асты.

Дата публикации
20 сентября 2023
Дата обновления
23 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы