Меню

Страницы

Статья

КГУ "Қоғамдық даму орталығы"

          Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы Бағдарлама бағытының 6 қағидаты мен 17 арнайы жобасын қамтитын түрлі форматтағы іс-шаралар кешені ұйымдастырылып өткізілді.

          Қазіргі уақытта үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: тұлғалық даму, ұлттық бірегейлікті және халықаралық таныстыру, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы.

          «Тұлғалық даму» бағытын іске асыру шеңберінде және білімге, салауатты өмір салтына және кәсіби табысқа баса назар аудара отырып, ұтымды мінез-құлық моделін қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар іске асырылуда, мысалы, жас ұрпақты замандастарының рөлдік үлгілері мысалдарында тәрбиелеуге бағытталған «Батырлар институты» жобасын іске асыру шеңберінде «Арамыздағы батырлар»,  «Бір ел- бір тағдыр» челленджі, техникалық шығармашылықпен айналысатын жас мамандар мен өнертапқыш студенттердің қатысуымен бейне сабақтар сериясы, «Ой аламан» интеллектуалдық ойыны, «Жастардың бүгінгі келбеті» эссе байқауы, «Қыз бала - ұлттың ұяты» семинар-тренингі, «Ахмет – ұлт ұстазы» эссе байқауы, «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде», жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің қатысуымен Brain ring форматында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын талқылау және т. б. жобалар. 

             «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Көкшетау-көк қарағай мекені» акциясы өткізілді.

             «Ұлттық бірегейлікті және халықаралық таныстыру» бағытын іске асыру шеңберінде ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаты шеңберінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмысы мен дүниетанымын дәріптеу мақсатында ақпараттық-танымдық жобалар, «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы», «Қазақ халық ертегілерінің бейне әңгімелері «Әжемнің ертегілері» онлайн-жобасы, қазақ халқының ұлы тұлғаларының афоризмдер жинағы жарық көрді, «Жастар Керуені» ақпараттық туры (республикалық тізілімге енген киелі орындар бойынша облыстың тарихи-мәдени әлеуетімен танысу мақсатында),  әр жобаға тақырыптық бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде орналастырылды, гастрономиялық туризмді дамыту мақсатында («балқуырдақ», «балқаймақ», «белкөтерер», «жаппа», «жаужүрек», «жоңка», «сүбе орамасы», «сырбаз қуырдақ», «үлпершек», «шелпек») ұлттық тағамдарды дайындау әдістері ұсынылған «Қазақтың ұлттық тағамдары» бейнероликтері әзірленді.

            «Аудиокітап» жобасы аясында балалар жылына-қазіргі балалар әдебиетіне арналған шығармалардың IV сериясы жарық көрді.       Отбасы құндылықтары арқылы парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында «Жан Ұясы» подкасты, қазақ халқының ұлы қайраткерлерінің афоризмдер жинағы жарық көрді.

         «Мемлекетті, азаматтық және жергілікті қоғамдастықтарды дамыту» бағытын іске асыру шеңберінде «Үздік жобалар»-«Успешные проекты» республикалық жинағына 7 жоба ұсынылды, 1 жоба оның ішінде жинаққа кіргізілді: «JasSkills Aqmola-2022-болашақ жұмыс мамандықтарында шеберлік дағдыларын дамыту бойынша оқушылар арасындағы өңірлік чемпионат», «Туған жер» фото және онлайн бейне байқауы,  «Әділетті Қазақстан - заманауи қоғамдық сананы қалыптастыру» дөңгелек үстел сияқты жобалар іске асырылуда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды» тақырыпта кездесу өтті.

«Туған жер» арнайы жобасы бойынша облыста жалпы сомасы     1 млрд.633 млн. теңгеден астам 1463 әлеуметтік бастама іске асырылды, оған 1000-нан астам меценат тартылды, оның ішінде 11 нысан салынды, 17 нысан қайта жаңартылды және 1435 өзге де әлеуметтік бастама іске асырылды.

2022 жылы Ақмола облысында туған өлкенің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Жомарт жүрек» қайырымдылық саласында 5 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталып, республикалық деңгейге ұсынылды. Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша 11 қатысушының 9-ы республикалық деңгейде «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпазы деп танылды.

Өңірлік БАҚ-та және «Көкше» телеарнасында, Instagram, Facebook, Tik-Tok, Youtube арналарында жыл бойы іске асырылған барлық жобалар мен іс-шаралар туралы посттар мен бейнематериалдар жарияланып орналастырылады.

Дата публикации
26 декабря 2022
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы