ЦИФРЛЫҚ ФОТОБАЙҚАУ «ЖҰМЫСШЫ КӘСІПТЕР ЖЫЛЫ КАДРДА»
Ақмола облысы Ішкі саясат басқарасының Өңірлік коммуникациялар қызметі (ӨКҚ) «Кәсіп кадрда!» атты цифрлық фотобайқау жариялайды. Байқау Жұмысшы кәсіптер жылы аясында өтеді.
Байқаудың мақсаты – фотосурет тілі арқылы жұмысшы кәсіптердің шынайы құндылығын көрсету, еңбекке деген құрметті арттыру және жастардың маңызды, қажетті әрі қызықты мамандықтарға назарын аудару.
Қатысушылар кім бола алады?
Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады:
– кәсіби және әуесқой фотографтар;
– мектеп оқушылары, студенттер және жұмысшы мамандық иелері;
– камера объективі арқылы еңбекке деген құрметін білдіргісі келетін барша азаматтар.
Жас шектеуі жоқ. Бір қатысушы 3-ке дейін фотосурет жібере алады.
Қалай қатысуға болады?
Жұмыс барысын, маманды, шеберді жұмыс орнында түсіріңіз;
Қысқаша сипаттама жазыңыз: суреттегі адам кім, фото қайда түсірілген, кейіпкер немен айналысады;
Файлды мына үлгіде атаңыз: Тегі_Атауы.jpg (мысалы, Nurgalieva_DarigerIsUstinde.jpg);
Фотосуретті электронды пошта арқылы жіберіңіз;
Хаттың тақырыбында: «Фотобайқау – Аты-жөніңіз» деп көрсетіңіз.
Фотосуреттерге қойылатын талаптар:
– Форматы: JPEG, сапасы кемінде 300 dpi, көлемі 2-ден 15 МБ-қа дейін;
– Фильтрлер, коллаждар, жасанды интеллект, бөтен немесе бұрын марапатталған жұмыстар қолданылмауы тиіс;
– Негізгі өңдеуге рұқсат етіледі (контраст, жарық, кадр), бірақ шынайылық бұзылмауы тиіс;
– Автор фотосуреттің нағыз иесі болуы керек;
– Суретте адамдар болса, олардың жазбаша жариялауға келісімі қажет;
– Әр суретке 2–3 сөйлемдік сипаттама қосу керек: түсірілген орны, уақыты, кәсіп туралы мәлімет.
Өткізу мерзімі:
Фотобайқау 2025 жылдың 5 мен 25 тамыз аралығында өтеді.
Жұмыстарды қабылдау және марапаттау күндері қосымша хабарланады.
Фотосуреттер электронды пошта арқылы қабылданады.
Бағалау критерийлері:
– Байқау тақырыбына сәйкестік;
– Шығармашылық көзқарас;
– Техникалық және көркемдік сапа (композиция, жарық, кадр);
– Эмоциялық әсер мен көркемдік мәнер.
Жүлде қоры:
I орын — 300 000 теңге
II орын — 200 000 теңге
III орын — 100 000 теңге
Нәтижелер мен марапаттау:
Жеңімпаздар байқаудың ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
Марапаттау рәсімі офлайн не онлайн форматта өтеді (толығырақ қосымша хабарланады).
Үздік фотосуреттер тақырыптық көрмеде көрсетіледі.
Жұмыстарды жолдау үшін байланыс:
Электронды пошта: rsk_aqmola@mail.ru
Телефон: +7 771 574 38 95, +7 702 674 62 81
Назар аударыңыз:
Фотосуретті байқауға жолдай отырып, қатысушы ұйымдастырушыларға оны БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, көрмелерде және басқа да ақпараттық материалдарда пайдалануға келісім береді.
Авторлық құқық фотосурет авторында сақталады.