«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының басталғанын хабарлаймыз!
🔸 2026 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 1 млн теңге көлемінде гранттар беріледі.
🔸 Гранттың мақсаты – белсенді және шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа әрі қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.
✅ Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасқа дейін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
📍 Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
1️⃣ «Ғылым» – жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру;
2️⃣ «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру;
3️⃣ «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, соның ішінде бастауыш стартап-жобаларды әзірлеу және іске асыру;
4️⃣ «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру;
5️⃣ «Медиа» – жаңа медиажобаларды, соның ішінде жастарға арналған танымдық, пайдалы әрі қызықты контент жасауды жүзеге асыру.
🔗 Конкурстық өтінімдер 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін қабылданады.
📧 Өтінімдер электронды пошта арқылы қабылданады: uvp@aqmola.gov.kz
☎️ Байланыс телефондары: 40-12-29, 8 778 320 4515
📍 Мекенжайы: Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі, 1Б.
Өтінім беріп, өз идеяңызды іске асыру мүмкіндігіне ие болып үлгеріңіз!