
Ақмола облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша, жастардың (14–35 жас) саны 220 831 адамды құрайды, бұл облыс халқының жалпы санының 29%-ы. 2025 жылы жастар саны 209 мың адам болған.
Қалалық жастардың саны – 127 205 адам (58%), ауылдық жастардың саны – 93 626 адам (42%).
Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 880 млн теңгеден астам қаржы (880 314,5 мың теңге) бөлінген. Оның ішінде: облыстық ішкі саясат басқармасына – 166 200,0 мың теңге, облыстық жастар ресурстық орталығына – 103 443,1 мың теңге, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарына – 610 671,4 мың теңге.
2026 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) шеңберінде іске асырылатын жобалар: «Ақмола облысында еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» - 3 000,0 мың теңге; «Ақмола облысында еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» - 6 500,0 мың теңге. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы шағын гранттар шеңберінде «Жастар арасында тәуелділіктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» – 4 400,0 мың теңге.
Облыста 21 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді (1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық). Оларда 158 адам қызмет атқарады, оның ішінде 25-і басшылық лауазымдарда, 99-ы жастармен жұмыс жөніндегі мамандар. Сондай-ақ 40-тан астам жастар ұйымы қызмет етеді.
2025 жылы облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарына «Жастар орталығы» ғимараты берілді (Көкшетау қаласы, Саябақ 1). Орталықта заманауи жабдықталған жұмыс кабинеттері, конференц-зал, жастар және волонтерлік бірлестіктерге арналған бөлмелер, коворкинг аймағы, сондай-ақ «TikTok house» алаңына арналған жеке кабинет бар. Бұл кеңістікте өңір жастары заманауи, технологиялық және еркін ортада шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа медиа дағдыларды меңгеріп, сапалы контент жасап, командалық форматта жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Жастар ресурстық орталығы жанында Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан бастап ЖҚО-ға 6820 адам жүгінген. Сонымен қатар, обылс бойынша тұрақты жұмыс орындарына 4564 адам орналастырылған, NEET санатындағы жастардың саны – 1912 адам.
2026 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 1 тоқсан қорытындысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15–34 жас) 3,1%-ды құрады (ҚР бойынша – 5,8%), ал NEET жастарының үлесі 4,8% немесе 9 406 адамды құрады.
Отбасының цифрлық картасы деректеріне сәйкес, Ақмола облысындағы NEET санатындағы жастар саны 3 295 адамды құрайды.
Жастардың стартап бастамаларын қолдау мақсатында 2026 жылдан бастап Ақмола облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастарға арналған гранттар байқауы жүзеге асырылуда. Аталған конкурс аясында 12 млн теңге бөлінген, әр гранттың көлемі – 1 млн теңге. (2023 жылы – 11 грант, 2024 жылы – 10 грант, 2025 жылы – 12 грант берілген).
Сонымен қатар, Ақмола облысында «Жасыл Ел» жастарды уақытша жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылуда. Жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 160 млн 155 мың теңгені құрайды (қалалық және аудандық бюджет есебінен). 2026 жылы жазғы маусымдық жұмыстарға кемінде 1356 жасты қамту жоспарлануда.
Кадрлық тапшылықты толықтыру мақсатында «Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі – 125 млн теңге. 2025–2026 оқу жылында 197 жас ақмолалық студент стипендия иегері атанған (бір реттік стипендия мөлшері 250 мыңнан 1 100 мың теңгеге дейін).
Ақмола облысында облыс әкімдігі жанынан Жастар істері жөніндегі облыстық кеңес жұмыс істейді, сондай-ақ 15 қалалық және аудандық кеңес қызмет атқарады.
Кеңестердің жалпы құрамы 178 адамды құрайды, оның ішінде 72-сі – жастар және жастар ұйымдарының өкілдері, 106-сы – әкімдік, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері.
Кеңес отырыстары тұрақты түрде өткізіледі: облыстық деңгейде кемінде жарты жылда бір рет, ал аудандық деңгейде қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады.