Саяси партиялар
Ақмола облысында «AMANAT», «Ауыл» ХДПП, ҚХП, «Ақ жол» ҚДП, ЖСДП, «Respublica», «Байтақ» сияқты 7 саяси партияның облыстық филиалдары жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы – Беспалинов Берген Маратұлы.
«Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының төрағасы – Сыздықов Саят Төлегенұлы.
«Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрайымы – Аяпбергенова Анар Сайлаубекқызы.
ҚХП облыстық филиалының төрағасы – Тастамбеков Арман Зейноллаұлы.
ЖСДП облыстық филиалының төрағасы –Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы
«Respublica» партиясының облыстық филиалының төрағасы – Тұқмағанбетов Алмат Қайыргелдіұлы.
«Байтақ» партиясының облыстық филиалының төрағасы – Құсайынов Нұрлан Қазбекұлы
Саяси партиялардың өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуда. Атап айтқанда, барлық партиялардың өкілдері облыстық Қоғамдық кеңестердің, консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және т.б. құрамында бар.