Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тіл саясатын дамыту

Ақмола облысындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Туған тілдің тұғырын биіктету мақсатында аудан мен қалаларда  тілдерді оқытып, үйрететін 21 орталық жүйелі жұмыс жүргізеді.

2025 оқу жылында 328 топ, жалпы 3 826 тыңдаушы қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тілден 3 185, ағылшын тілінен 641. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1636 өзге этнос өкілдері қазақ тілін үйренуде. Соңғы үш жылда 4113 тыңдаушы сертификат алды.

Олардың арасында мемлекеттік қызметшілермен қатар азаматтық қызметшілер, акционерлік қоғам (АҚ), ЖШС, жеке меншік иелері, қала тұрғындары, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-орталықтардың қызметкерлері мемлекеттік тілді үйренуде.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РРМҚК бірлесіп 971 тыңдаушы Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтті.

         Жоғарыда аталған тұжырымдаманың нысаналы индикаторында қарастырылған Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі белгіленген көрсеткішке сәйкес жүргізілуде.

Іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуі басты назарда. Мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттардың үлесі 96% құрады.

Былтыр 10 мемлекеттік мекемеге (Біржан сал ауданының                        «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»                    мемлекеттік мекемесі, «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі»                                      мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»                              мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі»                              мемлекеттік мекемесі, «Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі, «Макинск қаласы әкімінің аппараты»                                мемлекеттік мекемесі) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының талаптары бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің тағы бір тетігі – деректемелер мен көрнекі ақпаратты «Тіл туралы» Заңның нормаларына сәйкес орналастыру.

Облыс бойынша 3 мыңнан астам көрнекі ақпарат зерделеніп, заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Қазақ тілін дамыту, оны кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастыру да қазақ тілінің дамуына өзіндік үлес қосады.

         Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «QAZAQ LINGVO» атты жастар арасындағы облыстық байқау, қазақ тілі оқытушыларына арналған, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырларының қатысуымен республикалық Тіл форумы, түркі жазуы күніне орай Көкшетау қаласында «ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» атты түркі жазуы күніне арналған республикалық конференция, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тілдерді оқыту орталықтары оқытушылар арасындағы облыстық байқау, «Мемлекеттік тіл және БАҚ», QAZ_TECH (Қазтек) атты IT жобалар байқауы, тамыз айында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі», «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқаулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, а.ж. 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті.

Ақмола облысына қарасты барлық мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындарда қазан, қараша айларында мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасы ұйымдастырылды.

         Аталған жобаға облыс бойынша 66432 адам қатысты.

         Сондай ақ, облыс бойынша 542 мәнерлеп оқу сайысы, 82 дөңгелек үстел, 86 байқау, 233 зияткерлік ойыны, 35 акция, 87 челлендж, 563 ашық сабақ, 252 тәрбие сағаты, 17 оқырмандар сайысы, 15 викторина, 227 шығармалар байқауы, 45 семинар, 52 кітап көрмесі, 32 бейнеқұттықтау, 1 форум, өзге этнос өкілдеріне арналған 24 сайыс, 9 пікірсайыс турнирі болып өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылдың басынан бері 640 мақала, әлеуметтік желілерде 1800-ге жуық ақпараттық пост, телеарнада 47 сюжет жарық көрді.

Документы
Ереже
15 сентября 2026
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі туралы ереже
Ақпарат
15 сентября 2026
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Әкімшілік-қаржылық бөлімі
Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі
Қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі бөлімі
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімі
Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім
Саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімі
Персоналды басқару қызметі
Ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің тізімі
Ереже
15 сентября 2026
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
Новости
Полезные материалы
Тіл саясатын дамыту
Медиагалерея
1
Ақмола облысында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
1
Ақмола облысында қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамытуға бағытталған «SMART QAZ» облыстық IT жобалар байқауы өтті.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы