Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақмола облысындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті және толеранттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 789 608 адам тұрады. Облыс аумағында 100-ден астам этнос пен этникалық топтардың өкілдері мекендейді. Оның ішінде қазақтар – 451 747 адам (57,2%), орыстар – 205 046 адам (25,9%), украиндар – 38 228 адам (4,8%), немістер – 29 629 адам (3,7%), татарлар – 13 454 адам (1,7%), белорустар – 11 440 адам (1,4%), поляктар – 8 274 адам (1,0%), ингуштар – 4 623 адам (0,5%), шешендер – 3 381 адам (0,4%), әзербайжандар – 2 374 адам (0,3%), башқұрттар – 2 106 адам (0,2%), басқа этнос өкілдері – 19 306 адам (2,4%) және этникалық тиесілігін көрсетпегендер – 583 адам (0,07%) құрайды.

Жүргізілген тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелері халықтың осы саладағы мемлекеттік саясатқа деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, респонденттердің 82,6%-ы өңірдегі этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайды.Ақмола облысындағы этносаралық толеранттылық деңгейін жоғары деп бағалауға болады. Оң бағалаулардың жиынтық үлесі 87,8%-ды құрайды.

Облыста 45 этномәдени бірлестік тіркелген. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық және мәдени-ағартушылық жұмыстарға қатысады.

Этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ, сондай-ақ Степногорск қаласында Достық және шығармашылық үйі жұмыс атқарады.

2026 жылдың басынан бастап бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:

Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар тарапынан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру бойынша 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды;Ақпараттық-түсіндіру топтары (1 облыстық, 20 аудандық және қалалық) облыстың еңбек ұжымдары, білім беру ұйымдары және тұрғындар арасында 400-ге жуық ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізіп, 9000-нан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар, медиакеңістікте 826-дан астам ақпараттық материал жарияланды.

«Ұлт бірлігі – басты құндылық» этнотуры Ерейментау, Бұланды, Аршалы, Зеренді, Сандықтау аудандарында және Степногорск қаласында ұйымдастырылды. Этнотур аясында аталған аумақтарда тұратын түрлі этнос өкілдерінің қоғамдық көңіл-күйіне мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары және этносаралық қатынастар саласындағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Алғыс айту күніне орай өңірде 100-ден астам іс-шара өткізілді. Облыс тұрғындары «Алғыс эстафетасы», «Алғысым бар...», «Алғыс – жүректен», «Кого благодарят дети» челлендждеріне қатысып, өз ризашылықтарын білдірді;

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өту аясында бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық өзара іс-қимылды дамытуға және жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қоғамдық маңызы бар, мәдени, ақпараттық-ағартушылық және патриоттық бағыттағы іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, 100 мыңнан астам адамды қамтыған әртүрлі форматтағы 1000-нан астам іс-шара өткізілді;

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына, сондай-ақ, «Қайырымдылық керуені», «Әр жүректе жақсылық» қайырымдылық акцияларына қатысты;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында құқықтық сауаттылықты арттыру, антиконституциялық сепаратистік көзқарастардың, «өшпенділік тілінің», жалған ақпараттың таралуына жол бермеу және фактчекинг мәдениетін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде орналастыру үшін 3 бейнеролик пен 10 инфографика әзірленді.

Документы
Ереже
15 сентября 2026
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімі туралы ереже
Ақпарат
15 сентября 2026
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Әкімшілік-қаржылық бөлімі
Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі
Қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі бөлімі
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімі
Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім
Саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімі
Персоналды басқару қызметі
Ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің тізімі
Новости
Полезные материалы
Ақмола облысындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
Медиагалерея
1
Фактчекинг - ақпараттың дұрыстығын тексеру бойынша ақпараттық ролик
1
Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын бұзуға насихаттауға немесе оған жария түрде шақыруға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық ролик (ҚР ҚК 180-бабы)
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы