Жобаны іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында 600 орындық жалпы білім беретін мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба бойынша 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-1145/26 кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
Жобалық қуаты - 600 оқушы орны;
Ғимараттың қабат саны - 3 қабат;
Ғимараттың жалпы ауданы - 8 329,57 м²;
Сметалық құны -7 161,348 млн теңге;
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы -2027 жыл;
Құрылыс ұзақтығы - 18 ай.
Жобаны іске асыру балалардың білім алуы үшін заманауи әрі қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және Қажымұқан ауылы тұрғындарының жалпы білім беретін мектептегі орындарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Хабарландыру
13.10.2026 ж. сағат 1100-де Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Ақмола облысы Бурабай ауданының Жібек жолы көшесі, №18а жер учаскесі бойындағы Бурабай кентінде көпфункционалды конгресс орталығының құрылысы. Қазандықты қайта құружұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді
Өтетін орныҚР, Ақмола облысы, Бурабай ауданыБурабай ауылы, Жумабаева 13а к., Акиат ғимараты
Географиялық координатасы: 53°05'11.02"С, 70°19'08.47"Ш, 53°05'10.09"С, 70°19'10.99"Ш, 53°05'08.72"С, 70°19'08.14"Ш, 53°05'09.86"С, 70°19'06.31"Ш
Zoom конференциясына қосылу үшін сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/86709374534?pwd=ZbhYTem1ojdclYJgTVMWzyR7xKDMYA.1
Конференция идентификаторы: 867 0937 4534Кіру коды5seMV2
Іс-шараны өткізуші: «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММбасқарма басшысының м.а.Байкуанышев А.С., тел: 87162402915, мекен-жайы: ҚР, Ақмола облысы, Көкшетау қ, Абай к, 87 үй, электрондық пошта: az.baikuanyshev@akmo.gov.kz
Бас жобалаушының өкілі: Alem Qurylys AQ» ЖШС,мекен-жайы: Астана қ, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов к, 5 мекемесі, НП 39, маман - Токаев Е.С, тел: +77710107970эл.почта: tokayev_ye@bi.group
ӘЕТЕ жобасын дайындаған: «KZ Ecology» ЖК, тел: +77073837818 – БайжиеноваТолқын; jonistf.85@mail.ru
Ескертулер мен ұсыныстарыңызды: https://ndbecology.gov.kz/ ақпараттық жүйе сайтындажәне Ақмола облысының жергілікті атқарушы органның сілтемесіменhttps://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru электрондық поштасы: upr.expertiza@mail.ru тел: 8 (7162) 40-28-07
Жоба бойынша қосымша ақпараттарды, қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі және жобаға қатысты құжаттардың көшірмесін алу үшін осы контактілерге хабарласуға болады: +77073837818 және электрондық поштаға жазуға болады: jonistf.85@mail.ru
🏗️ Қалаларымыздың келбетін қалыптастырып, жайлы әрі заманауи өмір сүру ортасын құру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Әрбір жобаңыз сәтті жүзеге асып, тың идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз жаңа белестерге жетелей берсін.
🏗️ Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы оның негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруда: қолайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету, сапалы тұрғын үй, аумақтарды тұрақты дамыту және заманауи құрылыс стандарттары.
2026 жылғы 30 мамырда Көкшетау қаласындағы «AQMOLA DIGITAL» ғимаратында «URBAN FORUM AQMOLA: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум аумақтарды кешенді жаңғырту, тұрғын үй қорын модернизациялау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес құрылыс саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.
Форум жұмысына орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың өкілдері, қала құрылысы, энергия үнемдеу саласындағы сарапшылар және халықаралық серіктестер қатысты.
Қатысушыларға Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы құттықтау сөз арнады.
Форум аясында панельдік пікірталастар, таныстырылымдар ұйымдастырылып, реновация саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Көкшетаудағы жаңартылған қоғамдық кеңістіктер мен тұрғын үйлерді қамтитын реновация нысандарын аралады.
«Urban Forum Aqmola өңірлерді кешенді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам болды. Біз Ақмола облысының тәжірибесімен бөлісіп, жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру үшін үздік тәжірибелерді зерделедік», - деп атап өтті Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында.
Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а. А.С. Байкуанышевке мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 40-28-94, 40-29-05 (қабылдау бөлмесі).
Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Степногорск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерде жүргізілген тексеріс барысында құрылыс жұмыстарының ілгерілеуі сараланды.
Степногорск қаласында бой көтеріп жатқан ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) басты назарда. «АК «Алтыналмас» АҚ қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл нысан бұқаралық спортты дамытуға серпін береді. Кешен құрамында:
• 320 орындық трибуналары бар әмбебап спорт залдары;
• Заманауи жүзу бассейні;
• Бокс, күрес, гимнастика және үстел теннисіне арналған арнайы аймақтар қарастырылған.
Бестөбе кентінде де ФОК және ашық спорт кешенінің құрылысы қатар жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде мердігерлерге нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында әрқайсысы 45 пәтерден тұратын үш тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқталу кезеңінде. Негізгі құрылыс жұмыстары тәмамдалып, соңғы реттеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында келесі мәселелер анықталды:
• Құдық деңгейлерін нақтылау;
• Кіреберіс аймақтарды толық аяқтау;
• Жылу жүйелерін оқшаулау жұмыстарын жетілдіру.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жақын уақытта жоспарланған. Кейін нысандар кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін «Отбасы банк» АҚ-ның қарауына беріледі.
А.ж. 20 наурызында Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепті талқылау бойынша тыңдаулар өткізілді. Облыстың дін істері басқармасымен бірлесіп өткізілген іс-шараға Көкшетау қаласының діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
2026 жылғы 20 наурызда сағат 15.00-де Назарбаев даңғылы, 6/1 (жертөле қабаты) мекенжайындағы "Науан Хазірет мешіті" Ақмола облыстық мешітінің ғимаратында, Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша тыңдау өтеді.
Құрылыс нысандарын постутилизациялау (сүру) 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 «Объекттерді постутилизациялау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім беру ережелеріне» және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес, Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) негізінде жүзеге асырылады.
Нысан иесі белгіленген тәртіпті сақтап, қажетті құжаттарды рәсімдеуге міндетті.
Техникалық күрделі нысандар үшін қажетті құжаттар:
Техникалық күрделі емес нысандар үшін (ҚР «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағы) жұмыстарды жүргізу жобасы мен техникалық тексеру қажет емес.
Блокталған тұрғын үйдің немесе коммуналдық емес нысанның бір бөлігін сатқанда қалған бөлікті күшейту бойынша жобалық құжаттама әзірленіп, кешенді ведомствоаралық сараптамадан өтуі тиіс.
Сүрту жұмыстарынан кейін нысан иесі сүрту актісін жасап, оны үш жұмыс күні ішінде сәулет органына ұсынуы қажет, содан кейін нысан есептік деректерден шығарылады.
Маңызды: заң талаптарын сақтамай жүргізілген сүру жұмыстарына ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.