Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер
Басқармамен діни қызмет саласында "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру", "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Көрсетілетін қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген. Құжаттарды қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-22 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) стандарт қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған еркін нысандағы ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама – негіздеме (ғибадат үйі мен діни бірлестіктің атауын, құрылыс мақсатын, шіркеу қызметкерлерінің санын, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып); 3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін салуға келісім беру туралы шешімінің көшірмесі (ғибадат үйінің аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады). Жалға берілген үйді (ғимаратты) ғибадат үйіне (ғимаратына) қайта бейіндеу кезінде меншік иесінің келісімі туралы хат ұсыну қажет. Басқарма сондай-ақ «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге уәкілетті. Көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген. Құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылдау. Қызмет көрсету мерзімі техникалық күрделі емес объектілер бойынша 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні. Қажетті құжаттардың тізбесі: өтініш; объектіні мердігерлік тәсілмен бұзу жағдайында мердігерлік жұмыстарға шарттың көшірмесі ұсынылады; егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болса, онда объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге нотариат куәландырған жазбаша келісімі қажет; егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үй-жайлардың сабақтас меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда үй-жайлардың сабақтас меншік иелерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімін ұсыну қажет; тиісті аттестаты бар сарапшы беретін ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытынды; бөлшектеу және бұзу үшін жұмыстар жүргізу жобасы (қажет болған жағдайда); көп пәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылған жағдайда, бұзу туралы тиісті қорытынды. Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ust/activities/directions?lang=ru интернет-сайтында орналастырылған. Қосымша сұрақтар бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, каб. 504, телефон: 8(7162)25-54-80 хабарласуға болады