2025 жылы Ақмола облысы бойынша қала құрылысы жобаларын (бас жоспарлар, даму және құрылыс схемалары, ДДЖ) әзірлеу туралы мәліметтер

        Ақмола облысы бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 83,0%-ды құрайды (605 елді мекеннің 500-і). 197 елді мекен бойынша жаңа бас жоспарлар бар.
         Ағымдағы жылы 2025 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №60 қаулысымен Қосшы қаласының бас жоспары бекітілді.
Сондай-ақ, облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі қала құрылысы жобаларын әзірлеу және түзету жұмыстары жүргізілуде:

  • Көкшетау қаласының бас жоспарының ІІ кезеңі және 2 ДДЖ;
  • Степногорск қаласының, сондай-ақ оған әкімшілік бағынысты бес елді мекеннің: Шаңтөбе, Қырыққұдық, Байқоныс, Бөгембай және Изобильное елді мекендерінің бас жоспары;
  • Ақкөл орман шаруашылығының даму және құрылыс сызбасын (схемасын) түзету, Ақкөл ауданы;
  • Аршалы ауданы бойынша: Жібек жолы ауылының бас жоспарын, Бабатай ауылының бас жоспары мен ДДЖ-ын, Арнасай ауылының даму және құрылыс схемасын түзету және Елтоқ ауылындағы индустриялық аймақтың ДДЖ-ын әзірлеу;
  • Астрахан ауданы бойынша: Зеленое ауылының даму және құрылыс схемасын және Жалтыр ауылындағы ДДЖ әзірлеу;
  • Атбасар ауданы бойынша: Сепе, А.Құрманов және Борисовка ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Бұланды ауданы бойынша: Капитоновка және Иванковка ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Жақсы ауылы бойынша 34,0 га аумақта ДДЖ әзірлеу;
  • Жарқайың ауданы бойынша: Тасты Талды, Құмсуат және Пригородное ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Шортанды ауданы бойынша: Бозайғыр ауылының даму және құрылыс схемасын түзету;
  • Целиноград ауданы бойынша: Қызылжар, Ыбырай Алтынсарин, Ақмол, Аққайың ауылдарының даму және құрылыс схемаларын түзету, сондай-ақ Нұра және Қосшоқы ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Бурабай ауданы бойынша: Атамекен, Веденовка, Вишневое, Қаражар ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу, Щучинск қаласының бас жоспарын және Бурабай кентінің бас жоспары мен ДДЖ-ын түзету;

      Ағымдағы жылы 2024 жылы басталған жобалар бойынша келісу және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Дата публикации
23 января 2026