«Ақмола облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы мәслихатының шешіміжобасына баспасөз-релизі.

«Ақмола облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-7 шешімі жобасына баспасөз-релизі.

«Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Ақмола облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Жоба) енгізілген түзетумен Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.

         Аталған жобаның мақсаты "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады.  

жоба

 

                                                           

«Ақмола облысының сыртқы (көрнекі)

жарнаманы елді мекендердегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық

кеңістікте, жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль

жолдарының бөлінген белдеуінде,

елді мекендерден тыс жердегі

үй-жайлардың шегінен тыс ашық

кеңістікте және жалпыға ортақ

пайдаланылатын автомобиль

 жолдарының бөлінген белдеуінен

тыс жерде орналастыру тәртібі мен

шарттары туралы қағидаларды бекіту

туралы» Ақмола облыстық мәслихатының

2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-7

шешіміне өгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы Ережеде:

8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайды:

1) маңдайша;

2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

3) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;

4) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;

5) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

6) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

7) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру;

8) спорт құрылысжайларының ішінде орналастырылған букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың жарнамасы жатпайды.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                        ТАӘ

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2025