Ақмола облысы бойынша 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 82,6% - ды құрайды (605-тің 500). 197 елді мекен бойынша жаңа бас жоспарлар бар.
2024 жылы облыс бойынша облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі елді мекендер бойынша қала құрылысы жобалары әзірленді және түзетілді:
- Көкшетау қаласының бас жоспарының 11-ші кезеңі және 2 ЕЖЖ;
- Степногорск қаласының бас жоспары, сондай-ақ бес елді мекеннің әкімшілік қарамағындағы: Изобильное, Богенбай, Шантөбе, Қырық құдық, Байқоныс;
- Астрахан ауданы Зеленое ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Атбасар ауданы Сепе және А.Құрманов ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Бұланды ауданы Капитоновка және Иванковка ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Жарқайың ауданы Құмсуат және Пригородное ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Шортанды ауданының Бозайғыр ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Целиноград ауданы Қызылжар ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Бурабай ауданы Атамекен, Веденовка, Вишнёвое және Қаражар ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының бас жоспарын түзету;
2025 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 60 қаулысымен Қосшы қаласының бас жоспары бекітілді.
2025 жылы 2024 жылы басталған жобалар бойынша келісімдер мен кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу аяқталады, сондай-ақ:
- Бурабай ауданының Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің бас жоспарларын түзету;
- Зеренді ауданының Садовое, Красный Кардон, Шағалалы және Азат ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу;
- Атбасар ауданының Борисовка ауылын дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу;
- Целиноград ауданы Нұра, Қосшоқы және Ақмол ауылдарын дамыту және салу схемаларын әзірлеу
- Көкшетау қаласы бойынша 3 ЕЖЖ әзірлеу жоспарланған.