Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Р.К. Келисовқа келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 40-28-94, 40-29-05 (қабылдау бөлмесі).