Хабарландыру Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Р.К. Келисов келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: ұялы.       8 705 204 59 36, 40-29-05 (қабылдау бөлмесі).                                                                                                                                                                                                            Бұл ретте, Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша оларды талқылау жоспарланып отырғанын хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар оларды талқылауға 2023 жылдың 15-17 мамыры аралығында қатыса алады. Талқылау мәселелері бойынша 8 705 204 5936 телефоны бойынша хабарласуға болады.

      

Дата публикации
11 апреля 2023