Кәсіби құрылысшылар күні қарсаңында 2022 жылғы 09-10 тамызда Көкшетау қаласында "Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-нің ұйымдастыруымен Ақмола облысының мердігерлік құрылыс ұйымдарының өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті.
Ойынға 9 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - "Стройтех іс" ЖШС.
Екінші орын - "Алуа строй" ЖШС.
Үшінші орын - "Строй тау" ЖШС.
Турнир қатысушыларын марапаттауы 2022 жылдың 12 тамызында "Болашақ сарайы" сарайында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шарада Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаевтың қатысуымен өтеді.
Турнир жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар мен кубок табыс етіледі. Жарыста жеңіске жеткен Команда кубокты келесі жылдың жеңімпаздарына тапсырады.
Құрылысшылар салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын растады және тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар белсенді түрде спортпен шұғылдану арқылы жұмыстан тыс уақытта да ұйымшыл команда екендіктерін көрсетті.