Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс
«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, кабинет 531, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)402891, факс: 8(716-2)402891, электрондық мекен-жайы: build@aqmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com) 5Мб аспауы қажет) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Заң бөлімінің басшысы, «D-O-3» санаты (№03-01), 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 1 қыркүйектен 2023 жылғы 30 маусымға дейін оқуға түсуіне байланысты академиялық демалысы кезіне).
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 126357 теңгеден 170599 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімнің жұмысын ұйымдастырады; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерін қарау кезінде мемлекеттiк органның мүдделерiн белгiленген тәртiппен бiлдiреді; басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастырады, басқарма ұжымында Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады; шарттарды уақтылы жасасуды үйлестiрудi, олардың заңнама талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етеді, шарттар бойынша мiндеттемелердi орындамаған және тиiсiнше орындамаған жағдайларда экономикалық ықпал ету шараларын, заңды күшiне енген сот актiлерiн орындау жөнiндегi шараларды қолданады, бастапқы құжаттарды дайындауға (құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдар), ЖСҚ әзірлеуге және оны белгіленген тәртіпте бекітуге, ЖСҚ әзірлеу үшін ЖІЖ дайындауды жүргізуге, сонымен қатар Мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне бойынша бақылау жасайды, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» (МЖӘ) бағдарламаны жүзеге асыру үшін жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді, мемлекеттік сатып алулар (конкурстар) бойынша мониторинг жүргізіп, талдауды жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алуларды (конкурстарды) ұйымдастырады және өткізеді; кіріс/шығыс хат-хабар алмасуына бақылау жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс) немесе экономика және бизнес (экономика немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
мынадай құзыреттерге бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес..
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
«Ақмола облысының
құрылыс басқармасы» ММ
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы:
_________________________________________________________________
Байланыс телефоны:
___________________________________________________________
e-maіl: ____________________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.