«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс

 

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, кабинет 531, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)402891, факс: 8(716-2)402891, электрондық мекен-жайы: build@aqmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com) 5Мб аспауы қажет) бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Тұрғын-үй және инженерлiк желiлер құрылысы бөлімінің бас маманы, санаты «D-О-4», 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне 05.12.2021 жылға дейін, негізгі қызметкер көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін шығуға құқылы).         

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 108 306 теңгеден                146 088 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: тұрғын үй объектілері құрылысының барысына апта сайын мониторинг жасайды, бөлімнің құзыреті шегінде "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын,    өңірлік даму бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады және "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат дайындайды, өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй объектілерін және инфрақұрылымдарын пайдалануға беру және бюджеттік қаражатты игеру туралы есептік мәліметтер дайындайды, бөлімнің мәселелеріне қатысты жиналыстар мен отырыстарға материалдарды дайындайды, хаттама жобаларын әзірлейді және хаттамалық тапсырмаларды орындайды, салынып жатқан тұрғын үй құрылысының объектілеріне барады, нысаналы трансфертер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды дайындайды және келіседі, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының  әкімшісіне аралық және қорытынды есептерді береді, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тұрғын-үй құрылысы мәселесі жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысына арналған материалдардың дайындалуын ұйымдастырады.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы) немесе өнер (сәулет) немесе экономика және бизнес (экономика немесе қаржы) саласында  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

          Бұл ретте, «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда): 

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

          Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

 

________ _______________________________________

(қолы)         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения

 

 

     

 

     
 

_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

           

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
Дата публикации
26 мая 2021