Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»
Мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің құралдары бойынша көрсетіледі.
Қызмет көрсету мерзімі-4 (төрт) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында регламенттелген.
Мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша 8 716 2 25 68 57 телефонына хабарласуға болады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.