Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

 

Мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің құралдары бойынша көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі - бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда – кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалқ маңызы бар калалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

бірінші кезең:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған өтініш;

2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.

екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында регламенттелген.

Мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша 8 716 2 25 68 57 телефонына хабарласуға болады.

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

Дата публикации
08 июля 2022
Дата обновления
08 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы