Ақпарат
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Qoldau.kz арқылы.
Қызмет көрсету мерзімі - 14 (он төрт) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - инвестициялық субсидиялау шартын жасасу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:
Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді:
портал арқылы өтінім берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде – қағаз нысанда.
Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ сатып алынған техника, машина мен жабдық бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді, ол екі кезеңді рәсімдер қолданылмай қаралады:
портал арқылы өтінім берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде – қағаз нысанда.
Екінші кезеңде (жұмыс аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
портал арқылы берген кезде – "PDF (Portable Document Format)" форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде – қағаз нысанда.
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе іске қосу кешенін немесе инвестициялық жобаның кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші (жабдықтар сатып алу кезінде) арасындағы жабдықтарды пайдалануға енгізу актісінің көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың, төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес субсидиялау көзделген жобалар паспорттары бойынша);
5) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
6) техниканы, машинаны және (немесе) жабдықты өндіруші паспортының, сәйкестік сертификатының немесе техникаға, машинаға немесе жабдыққа сәйкестік туралы декларацияның көшірмелері;
7) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
8) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) Қағидалардың 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растаушы құжаттарды (бизнес – жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса береді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың негізінде, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) бекітілген "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына (бұдан әрі – өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар) сәйкес дайындалатын өндірілген өнім көлемі кемінде 30 (отыз) %-ға жеткені туралы қарап-тексеру актісін жасайды;
9) қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған агроөнеркәсіптік кешен cубъектілері үшін);
10) "Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) бекітілген "Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы субсидияны қаржы институтының арнайы шотына аудару тетігін қолдануға арналған өтінімді Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтінім берілген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша 8 (716 2) 90 30 25 телефонына хабарласуға болады.
Порталдың анықтама телефоны: 8 (7162) 25-22-39, 8 (7162) 51-51-54
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.