Ақпарат
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Qoldau.kz арқылы.
Қызмет көрсету мерзімі - құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
порталда – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидия аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі:
порталға:
қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) және қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыныс.
Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетіндегі" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылдағаны туралы тиісті мәртебе ұсыныстың қабылданғанын растау болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға (заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын сенімхат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша өкіл жүгінген жағдайда):
1) өтеу кестесі бар қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар;
2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу графигінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жіберіледі);
3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредит алғаны туралы несие шотынан үзінді көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыз аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша 8 (716 2) 90 30 11 телефонына хабарласуға болады.
Порталдың анықтама телефоны: 8 (7162) 25-22-39, 8 (7162) 51-51-54
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.