Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
«Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң жобасын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 18-тармағы негіз болып табылады. ал жүйелі реформалар – еліміздің өркендеуінің берік іргетасы».
Заң жобасын қабылдау бүгінгі күні өзекті болып табылады, бұл объективті себептермен расталады.
Жеке қосалқы шаруашылықтар (бұдан әрі – ЖТҚ) елдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Қазіргі таңда еліміздегі өнеркәсіптің жалпы өнімінің 41,5 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.
Жеке қосалқы шаруашылықтар заманауи өндіріс әдістеріне қол жеткізе алмайды, олардың орасан зор биологиялық активі технологиялық процестерге тартылмайды және олардың әлеуетті мүмкіндіктері ашылмайды. Мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алмай, олар ішкі азық-түлік нарығында ұйымдасқан шаруашылықтармен тең емес бәсекелестікке түсуге мәжбүр.
Осыған орай, шаруашылық қызметті жүргізуді нақты реттеу мақсатында «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасы олардың қызметін мемлекеттік реттеудің және қолдаудың қағидаттары мен тетіктерін белгілейтін 4 тарау мен 19 баптан тұрады.
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Жеке қосалқы шаруашылық туралы
Осы Заң жеке қосалқы шаруашылықтар қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін, олардың қызметін мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке қосалқы шаруашылық – азаматтың және оның отбасы мүшелерінің елді мекенде орналасқан жер учаскесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша өзі тұтынуына және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өткізуіне арналған кәсіпкерлік емес қызмет түрі;
2) екпе (жасанды) жайылымдар – тұрақты, өнімділігі жоғары жемшөп алқаптары бар, ауыл шаруашылығы жануарларын ұтымды күтіп-бағу және оларға зооветеринариялық қызмет көрсету үшін шалғынның жоғары шығымдылығын қамтамасыз етуге арналған жүйелермен және құрылғылармен, мал иіретін жерлермен және суаттармен жарақталған жайылымдар;
3) суландырылған жайылымдар – аумағында тиісті мал басын тиісінше сападағы сумен қамтамасыз етуге қабілетті су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару немесе суландыру арналары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар жайылымдар;
4) ауыл шаруашылығы жануарлары – мал шаруашылығы өнімін алу мақсатында адам өсіретін жануарлар, құстар, балықтар және
бал аралары;
5) жеке қосалқы шаруашылық саласындағы уәкілетті орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасы
2-тарау. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
4-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
5-бап. Облыстардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Облыстардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:
6-бап. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:
7-бап. Аудандардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Аудандардың жергілікті өкілді органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне жеке қосалқы шаруашылықтарды және олардың кооперациясын дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау кіреді.
8-бап. Аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:
екпе (жасанды) және суландырылған жайылымдар, мал суаруға арналған алаңдар мен құдықтар жасау;
елді мекендер жерлеріндегі ирригациялық жүйелерді тиісінше техникалық жай-күйде ұстау;
елді мекен жерлерін санитариялық тазалау жөніндегі жұмыстарға тартуды ұйымдастыру;
9-бап. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне:
екпе (жасанды) және суландырылған жайылымдар, мал суаруға арналған алаңдар мен құдықтар жасау;
елді мекендер жерлеріндегі ирригациялық жүйелерді тиісінше техникалық жай-күйде ұстау;
елді мекен жерлерін санитариялық тазалау жөніндегі жұмыстарға тартуды ұйымдастыру кіреді.
10-бап. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер тұрғындары жиынының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыреті
Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер тұрғындары жиынының жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту мәселелеріндегі құзыретіне ауыл әкімінің жеке қосалқы шаруашылықтарды және олардың кооперациясын дамыту жөніндегі есебін тыңдау кіреді.
3-тарау. Жеке қосалқы шаруашылықтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу
11-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
1) мемлекеттік қолдау шараларының сабақтастығы мен тұрақтылығы;
2) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
3) экономикалық өсу әлеуеті бар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытудың басымдығы;
4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету;
5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
6) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіретін жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің экологиялық қауіпсіздігі;
7) тұрғындардың ауылдық елді мекендерде тұруының
санитариялық-гигиеналық қауіпсіздігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірісінің негізгі құралдарын сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығындарын;
жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы кооперативтері өткізген өнімнің көлемін субсидиялау;
12-бап. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері және онда ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу нормативтері
13-бап. Азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізу
құқығы
14-бап. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың құқықтары мен міндеттері
ауыл шаруашылығы жануарларының саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру ауыл шаруашылығы жануарларының, ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
ауыл шаруашылығы жануарларының саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген ауыл шаруашылығы жануарларының, ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын
өтетуге;
15-бап. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуді тоқтату
Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу азаматтың жеке қосалқы шаруашылық жүргізілетін жер учаскесіне құқығы тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
16-бап. Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жеке қосалқы шаруашылықты және олардың кооперациясын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті