«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
2021 жылғы қызметі туралы есептеме
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынмен белгіленген құзыретіне сәйкес ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) 30 мемлекеттік қызмет бекітілген.
Олардың ішінде, 15 мемлекеттік қызмет «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы, 1 мемлекеттік қызмет субсидиялау ақпараттық жүйесінің құралдары бойынша (САЖ), 13 "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, 1-балама мүмкіндігінсіз көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы саласында 20 мемлекеттік қызметті облыстық атқарушы орган-Басқарма көрсетеді.
Жер қатынастары саласында 10 мемлекеттік қызметті облыстық және аудандық жер қатынастары атқарушы органдары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері көрсетеді. Оның ішінде облыстық деңгейде - 9 мемлекеттік қызмет, аудандық деңгейде-9 қызмет, 5 мемлекеттік қызмет ауылдық округтер мен кенттер әкімдерімен көрсетіледі.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 27, ақылы негізде 3.
Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 29, қағаз түрінде - 1.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ауыл шаруашылығы саласындағы 20 мемлекеттік қызметтің ішінде есепті кезеңде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мыналар болып табылады:
«Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау»;
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау»;
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау»;
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау».
Облыстық деңгейде көрсетілуге жататын жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің 10 түрінің ішінде ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер болып табылады:
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат Басқарманың интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush?lang=kk, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында, www.Qoldau.kz веб-порталда және www.elisense.kz орналастырылған, сондай-ақ басқарманың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.
Халықтың электрондық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма үй-жайында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" құрылған, ол "электрондық үкімет" веб-порталына, принтерге, сканерге, камера мен картриджге қолжетімділігі бар компьютермен қамтамасыз етілген.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Ашықтықты қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылар ретінде құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде түсіндіру сипатындағы 53 іс - шара өткізілді, оның ішінде семинарлар, техникалық оқу және дөңгелек үстелдер түрінде – 16, Әлеуметтік және баспа басылымдарында-30 мақала, тікелей эфирлер мен теледидарлар-7.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Басқармамен жүйелі негізде қызмет алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімі мен санын оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, онда цифрлық технологияларды енгізу жолымен жер берудің қазіргі тәртібінің тұжырымдамалық өзгерістері көзделеді және жер учаскелерін тікелей берудің және сауда-саттық жүргізу арқылы берудің электрондық тәртібін айқындайды.
Қазіргі уақытта "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" және "Жер учаскесін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын электрондық түрде сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу арқылы мемлекеттік меншіктен беру" мемлекеттік қызметтерін "электрондық үкімет" веб-портал, "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", Өңірлік геоақпараттық жүйе және "электрондық сауда алаңы" веб - порталы арқылы көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Көрсетілген шаралар қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, әкімшілік кедергілерді, қағаз құжат айналымы санын азайтуға және тиісінше келіп түсетін шағымдар санын қысқартуға мүмкіндік береді.
2021 жылғы 27, 28 қаңтарда басқарма бағдарламаны әзірлеушінің, Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімінің қатысуымен Өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Аталған іс-шара барысында проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында тестілік режимде РМАЖ-да іске асырылған мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдер беру апробацияланды, оның қорытындысы бойынша әзірлеушіге тиісті ұсынымдар енгізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тартылған барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Басқарма жүйелі негізде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің атына (03.03.2021 ж. № № 01-147/389, 390) көрсетілетін қызметті алушының атынан сенімхат негізінде "Е-лицензиялау" АЖ арқылы өтініш берудің мүмкін еместігі туралы проблемалық мәселе бойынша хат жолданды.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің мекен-жайына хат жолданды (25.06. 2021ж. № 01-17/1134) әзірленіп жатқан заң жобалары шеңберінде ҚР Жер кодексінің 47-бабы 2-тармағын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша мәселені қарау қажеттілігі туралы көрсетілетін қызметті берушілерді тиісті деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
202\1 жылы 5 ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді, олардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден туындайтын талаптарды сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2021 жылы уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг алты мемлекеттік қызметке қатысты жүргізілді –– "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту", "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау», «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау". Басқармамен ұсынылған жоба ескертулерсіз қаралып, келісілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталған ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру.