Меню

Страницы

Статья

Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)

ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Сатуға арналған жер учаскесі:

      жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;

      жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;

      сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;

      сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа (аукционға) шығарылады.

      Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.

      Сауда-саттық (аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді.

      Жер учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-саттық (аукцион) нысанасының бастапқы бағасын және кепілақы сомасын белгілейді.

      Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.

       Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру жөніндегі сауда-саттықтың (аукциондардың) қорытындылары хаттамамен ресімделеді, бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын орналастырылады. Хаттама негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде жасалады.

 

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
10 января 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы