1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) 26 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бекітілген.
Олардың ішінде 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Gosagro.kz» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі, 1 – subsidy.plem.kz субсидиялау ақпараттық жүйесі арқылы, 9 – «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 1 – қағаз түрінде, 3 – Е-лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының ішінде тегін көрсетілетіндері – 24, ақылы негізде көрсетілетіндері – 2.
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны – 25, қағаз түрінде – 1.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын 26 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтердің ішінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мыналар болып табылады:
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау»;
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»;
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Басқарманың интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында – www.egov.kz, «Gosagro.kz» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде және www.elisense.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ Басқарма ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде жарияланған және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Басқарма ғимаратында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылған, ол «Электрондық үкімет» веб-порталына қолжетімділігі бар компьютермен, принтермен, сканермен, камерамен және картридермен қамтамасыз етілген.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 23 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 7-уі дөңгелек үстел түрінде, баспа басылымдарында – 11 мақала, тікелей эфирлер – 5.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесімен субсидиялау ақпараттық жүйелерін интеграциялауды жүзеге асырды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіне тартылған мемлекеттік қызметшілер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Басқарма қажеттілікке қарай Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ субсидиялау ақпараттық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.
2025 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне порталдың техникалық бөлігін толықтыру жөнінде ұсыныс жолданды, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа бағандар мен мәртебелерді енгізу арқылы ашықтықты және есеп жүргізудің қолайлылығын арттыру мақсатында.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2025 жылы 4 шағым қаралды. Қарау нәтижесінде бір қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, ал үш өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті хаттар жолданды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Басқарма мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі бақылауды тоқсан сайын жүргізеді. Ішкі мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұза отырып жасалған 236 негізделген бас тарту анықталды: «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» -150, Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау – 81, Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау -5.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Уәкілетті орган Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қызметінде субсидиялау бойынша өтінімдерді қарау кезінде қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы бойынша төрт қызмет алушының шағымдарына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуларды жою жөнінде қорытынды беріліп, ұсыныстар енгізілді. Қарау нәтижесінде бір қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, ал үш өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті хаттар жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттанушылықты арттыру мақсатында ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету жүзеге асырылады.