Меню

Страницы

Статья

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында Ақмола облысы  ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау"мемлекеттік бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы №436 бұйрығымен бекітілген сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде іске асырылады.

Бұл бағдарламаға қаржы институттары берген қарыз шарттары қатысады: Қазақстанның Даму Банкі, екінші деңгейдегі банктер, қазақстандық қаржы институттары арқылы банк операцияларын жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер.

Субсидиялау 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. Қағидалардың жалпы негіздерінде: ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға, құрылысқа , айналым қаражатын толықтыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған нысаналы мақсаты бойынша. Мұнда қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 6% құрайды.
  2. Қолжетімді Кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларды кредиттеу және қаржы лизингі тетігі (бұдан әрі – басым жобаларды кредиттеу және қаржы лизингі тетігі) шеңберінде:

1) сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 10 (он) % - ға төмендей отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 9 (тоғыз) % - ға төмендей отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;

3) сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 9 (тоғыз) % -ға төмендей отырып, көктемгі егіс және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізуге, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайды.

  1. Субсидиялау жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) Қазақстанның Даму Банкі берген қарыздар бойынша:

сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 5 (бес) % - ға төмендей отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;

сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 5 (бес) % - ға төмендей отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;

2) "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы берген қарыздар бойынша:

сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) % - ға төмендей отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;

сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) % - ға төмендей отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

Ұсыныс берілген күнге қолданыста болған және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте жасалмаған қарыз шарттары субсидиялауға жатады.

Ұсыныстар платформада беріледі Gosagro.kz өтеу кестесі бар банктік қарыз шартын қоса бере отырып, заңды және жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша бекітілген нысан бойынша.

Субсидияларды есептеу ұсыныс берілген жылдың 1 қаңтарында есептеледі.

Бюджетте қаражат болмаған кезде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мақұлдаған ұсыныстар резервке (күту парағына) түседі.

          Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты 8 (716 2) 72-28-11 телефон нөмірі бойынша алуға болады.   

                                                                      

 

 

Дата публикации
14 ноября 2024
Дата обновления
14 ноября 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы