Меню

Страницы

Статья

Ұсыну тәртібі жер учаскесіне құқықтар

Жер ресурстары-ұлттық қазынаның әлеуеті, елдің экономикалық байлығы мен адамдардың әл-ауқатының басты факторы.

Елдің экономикалық және саяси жағдайы белгілі бір дәрежеде жердің қандай күйде екендігіне,оның жер қойнауының бай ресурстары қаншалықты тиімді пайдаланылатынына, жерді қорғауға қандай мән берілетініне байланысты. 

ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес Жер кодексінің 44-1 және 44-2-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерлерден, сондай-ақ Жер кодексінің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукционға) шығарылатын жерлерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау;

2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

3) елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде жер учаскесін алдын ала таңдау;

4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;

5) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

6) Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;

7) сатып алу-сату немесе өтеулі жер пайдалану шартын жасасу;

8) жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу;

9) кент, ауыл шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

Оларға жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға, ауданға, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтініш береді, олар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжат береді.

Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері; орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) (Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері бойынша) көрсетілуі тиіс.

Егер облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының, ауданның және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесін заттай (жергілікті жерде) шекаралары белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді.

Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иемдену ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.

Сіз жер учаскесіне меншік құқығын немесе жалдау құқығын тіркегеннен кейін ғана сіздің құқығыңыз заңды күшіне енеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жеке және заңды тұлғалар жер учаскелерін сатып алу және пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын ұстануы керек.

 

 

Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
25 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы