Меню

Страницы

Статья

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметі  «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  көрсетіледі.

Бағдарламаның мақсаты:

  • агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне минералды тыңайтқыштардың экономикалық қолжетімділігін арттыру. Мақсатты тағайындамасы - дақылдардың өнімділігін арттыру және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында минералды тыңайтқыштардың  өткізу  құнын арзандату болып табылады.
  • АӨК субъектілері үшін пестицидтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру. Мақсатты тағайындамасы өсімдік дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.
  • Тұқым сатып алуды субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығындылығын арттыру.

Субсидия алушылар:

  • Субсидия сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
  • Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсі, шалғын көбелегі, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауіпті зиянды организмдерге (өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын саяқ және үйірлі шегіртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндік объектілерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілерді қоспағанда) қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшін төленеді.
  • Субсидиялар:

1) элиттұқымшардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара (70 %) өтеуге;

2) тұқымшардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара (70 %) өтеуге;

3) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдары және (немесе) екінші репродукция мақта тұқымдары үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге;

4) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге;

5) нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге арналады.

 Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті і көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).

Ауылшартауарынөндіруші порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагентер (энтомофагтар) және тұқымдар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе  тыңайтқышты, пестицидтерді, биоагентерді (энтомофагтарды), тұқымдарды отандық өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.       

«Ақмола облысының ауыл  шаруашылығы және жер қатынастары  басқармасы» ММ  өтінім немесе өтпелі өтінім  тіркелген кезден бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама ауылшаруашылық өндірушісінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.          

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін  алу тәртібі мен әдісі туралы толығырақ ақпаратты алу үшін, Сізге Көкшетау қ., Абай көшесі 89, 410 каб.  мекенжайы бойынша  «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүгінуіңіз керек,  телефон  90-30-12, 90-30-08

 

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы