2023 жылдың қаңтар - қараша айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 709 867 млн. теңгені құрады (НКИ – 74%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 371 098,8 млн. теңге (НКИ – 62,3%), мал шаруашылығы – 338 265,3 млн. теңге (НКИ – 104,2%).
Облыста барлығы 9585 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1974 - заңды тұлғалар, 803 - жеке кәсіпкерлер, 6808 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қараша айлары кезеңіне 78,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 82,6%-ды құрады (күрделі салымдардың азаюына байланысты көрсеткіштің төмендеуі).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қараша кезеңіне 8,5 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 34,5% - ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдарды азайту есебінен).
2023 жылдың қаңтар – қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 299,1 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 89,9% - ды құрады (2022 жылдың қаңтар-қазан айларында – 332,6 млн. АҚШ доллары).
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 26,8% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 408,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 109,4 мың адам (2023 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2023 жылдың 3-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 271 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-қыркүйек - 12,7% өсіммен 244,9 мың теңге).