Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Мал шаруашылығы саласында субсидиялар алу үшін subsidy.plem.kz порталында субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (САЖ) арқылы көрсетілетін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметі көзделген.

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар екі негізгі бағыт бойынша беріледі: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау асыл тұқымды малды, асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың құсын және ұрығын сатып алуды, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді, ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды субсидиялау сияқты негізгі ұстанымдарды қамтиды.

Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға субсидиялар сүтті, құс етін өндіруді және өткізуді субсидиялауды, бұқашықтарды бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарына өткізуді субсидиялауды білдіреді.

Өтінімдерді қарау тәртібі, сондай-ақ субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында айқындалған.

Субсидия алу үшін өтініш берушілерге ЭЦҚ көмегімен Рlem.kz порталында селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркелу қажет, онда таңдалған субсидиялау бағытына байланысты қажетті ақпарат (мал басы, зоотехникалық оқиғалар, жемшөпті, мал шаруашылығы өнімдерін талдау нәтижелері және т.б.) енгізіледі.

Субсидияларды төлеу берген субсидияларды алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттарға сай келетін, берілген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Өтінімді қарау мерзімі - оны САЖ-да тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні. Бұдан әрі тауар өндіруші көрсеткен тіркеу кезінде электрондық пошта мекенжайына және көрсетілетін қызметті алушының САЖ-да «жеке кабинетіне» субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

Өтінім қабылданғаннан кейін, егер қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы айда субсидиялауға ақшалай қаражат болса, қаражатты алушылардың шоттарына аудару 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ағымдағы айда қаражат болмаған жағдайда, төлем келесі айда жүргізіледі.

Дата публикации
16 ноября 2023
Дата обновления
16 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы