«Астық туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді лицензияланған астықты қабылдау кәсіпорындары жүзеге асырады.
Сонымен қатар, бұл қызметті атқаратын астықты қабылдау кәсіпорны өзінің меншігінде астықты сақтауды жүзеге асыратын астық қоймасы (элеватор, астықты қабылдау пункті) бар заңды тұлға болып табылады. Астықты сақтау, бұл өз кезегінде, астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеу қызметтері кіретін қызметтердің технологиялық кешені болып табылады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында жалпы сақтау сыйымдылығы 4,8 млн. тоннаны құрайтын 70 лицензияланған астықты сақтау қоймалары бар. Астықты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау шараларын дұрыс жүргізудің арқасында облыстың лицензияланған астықты қабылдау кәсіпорындары жыл сайын астықтың бүтіндігін толығымен қамтамасыз етіп отыратынын айта кету керек, бұл астық экспортының көлемін арттыруға оң ықпалын тигізелі, нәтижесінде, өңірдің ауыл шаруашылығындағы экономиканың беті бері қарайтын болады.
Заңнамаға сәйкес тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлға астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметтері бойынша қызметтерді негізгі немесе қосымша қызмет ретінде ұсынуға құқысы жоқ, сондай-ақ, өзінің атауында, құжаттарында және жарнамасында «астықты сақтау кәсіпорны», «астық қоймасы», «астықты қабылдау пункті», «элеватор» немесе т.с.с. астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметтері бойынша қызметтерді көрсетуге байланысты қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған сөздерді қолдана алмайды.
Сонымен қатар, лицензияланған астықты қабылдау кәсіпорны жалпы қолданыстағы тауарлық қойма болып табылады. Олармен жасалған астықты сақтау туралы келісім шарттар көпшілікпен жасалған келісім шарт болып табылады.
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және қатынастары басқармасы» ММ астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметтері бойынша қызметтерді көрсету лицензиары болып табылады, бұл ретте, лицензияны беру мемлекеттік көрсетілетін қызметке жатады. Заңды тұлғалардың астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметтері бойынша қызметтерді көрсетуге лицензияны алу үшін берген өтінімдерін қағаз түрінде не болмаса www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі мен тәсілі туралы толығырақ ақпаратты алу үшін Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89 мекенжайы бойынша орналасқан «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-сінің 408-кабинетіне келуге, 90-30-23 телефонына хабарласуға не болмаса ush.akmo.gov.kz Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының сайтына жүгінуге болады.