Меню

Страницы

Статья

Өсімдік шаруашылығы саласында бюджеттік субсидияларды қалай алуға болады?

Ақмола облысында 2023 жылы мемлекеттік қолдау көлемі Өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға 13,1 млрд теңге бөлінді. Субсидияларды 600-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ала алды.

Өңірде өсімдік шаруашылығы саласында жыл сайын субсидиялау тұқым шаруашылығын дамыту, көпжылдық екпелер өндірісін дамыту, тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату, сондай-ақ саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Субсидиялау тәртібі мен шарттары Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Қазіргі уақытта өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидияларды сатып алу шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған және gosagro.kz. субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер немесе ауылшаркооперативтері gosagro.kz. порталына ЭЦҚ-мен куәландырылған толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінімді немесе арзандатылған құны бойынша отандық өндірушіден тыңайтқыш сатып алған кезде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді ұсынады.

Өтінімнің қабылданғанын растау мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратуды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» тиісті мәртебесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні. Өтінімдерді қабылдау сағат 9.00-18.30 аралығында жүзеге асырылады.

Субсидиялар көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген Қағидаларда белгіленген қажетті құжаттар тізбесін беру шарттарын сақтаған жағдайда төленеді.

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 апреля 2026
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы есептеме бойынша өткізілген жария талқылаудың нәтижесі туралы қорытынды
27 февраля 2026
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылға арналған қызметінің есебі
18 февраля 2025
Агрометеорологиялық мониторинг. Ағымдағы жағдай және болжам.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы