Өздеріңіз білетіндей, жер - бұл біздің байлығымыз және оның құнарлылығының жай-күйіне дұрыс көзқарас, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дұрыс шаруашылық жүргізу тек жақсы өнім алуға ғана емес, сонымен бірге құнарлы әлеуетті сақтауға, бүгінгі және келесі ұрпақтар үшін жер ресурстарын көбейтуге байланысты.
Ақмола облысы аграрлық өңірлердің бірі болып табылады, осыған байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру мәселесі өзекті болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурс жеңімпазы бизнес – жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген нормаға сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Баяндалғанға байланысты аудандардың, облыс қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурс жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.