Ақмола облысының ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамыту
(26.03.2026 жылғы жағдай бойынша)
АӨК негізгі көрсеткіштері
2026 жылғы қаңтар-ақпан айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 59 672,4 млн. теңгені (НКИ - 105,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 580,9 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы - 59 083,7 млн. теңге (НКИ - 105,9%).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 3,0 млрд. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 76,9% құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 0,4 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,4%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,8 мың адам (2025 жылдың 4-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
-2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).
-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;
-қаржы құралдары - 39,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға - 1,7 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2026 жылғы қаңтар-ақпан айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 113 бірлікті құрап, жалпы сомасы 5,5 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтар-ақпанда - 25 бірлік, 0,7 млрд. теңге), оның ішінде:
- тракторлар - 1,6 млрд. теңге сомасына 36 бірлік;
- астық жинайтын комбайндар - 1,4 млрд. теңге сомасына 10 бірлік;
- сепкіш кешендер - 0,14 млрд. теңге сомасына 8 бірлік;
- егіс кешені - 1,0 млрд. теңге сомасына 6 бірлік;
- басқа техника - 1,3 млрд.теңге сомасына 53 бірлік.
Мал шаруашылығы
2026 жылғы қаңтар-ақпан айында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет - 34,5 мың тонна немесе 103,5% 2025 жылғы деңгейге қарай;
- сүт - 30,1 мың тонна немесе 128,1%;
- тауық жұмыртқасы - 105,5 млн. дана немесе 106%.
2026 жылғы 1 наурыздағы жалпы мал басы саны:
Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 426,4 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 104,6%-ын құрайды, оның ішінде:
- сиыр басы - 198,7 мың бас немесе 107%;
- жылқылар - 270,4 мың бас немесе 104,5%;
- қой мен ешкі - 606 мың басты немесе 95,9%;
- құстар - 10 251,3 мың басты немесе 103,7%;
- шошқа - 46,7 мың басты немесе 101,9%.
2026 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
2026 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 50,6 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
-5 жоба СТФ құрылысы бойынша 21,8 млрд. теңге;
-1 жоба 3,8 млрд. теңгеге бордақылау алаңын салу бойынша;
-2 жоба суару бойынша 1,6 млрд. теңге;
-4 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 11,3 млрд. теңге;
-6 жоба астық, картоп және көкөніс қоймаларын салу бойынша 12,1 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 51,7 млрд. теңге теңге сомасына немесе 2025 жылғы ұқсас кезеңге 110% азық-түлік өндірілді.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылы мында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 43,9%, сүт - 13,3%, өсімдік майы - 23,2%, астық өңдеу - 5,4%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,1%, өзге салалар - 12,1% алады.
Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 17,4 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% өсіммен, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 489 тонна құрады.
Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 22,2 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 1,4% өсіммен, сары май өндірісі - 374 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,7% өсіммен, ірімшік пен сүзбе - 247 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 9,8% өсіммен, қышқыл сүт өнімдері - 1,7 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,2% өсіммен жүзеге асты.
Өсімдік майы өндірісі 15,5 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 4,5% өсіммен жүзеге асты.
Ұнтақталған ұн өндірісі 39,2 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 4,8% өсіммен жүзеге асты.