Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының аумағында карантин режимін жою және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жобасына арналған баспасөз релизі

  Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы аталған әкімдік қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілер мен бөгде түрлерден қорғау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 12 наурыздағы № 03-08-93 ұсынысы негізінде дайындалды. Жобамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15785269

 

Дата публикации
13 марта 2026