АӨК негізгі көрсеткіштері
2026 жылғы қаңтар айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 29 123,9 млн. теңгені (НКИ - 108,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 271,8 млн. теңге (НКИ - 100,0%), мал шаруашылығы - 28 848,3 млн. теңге (НКИ - 108,2%).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар айында 1,1 млрд. теңгені құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар айында 0,3 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8204 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1894 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,4%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,8 мың адам (2025 жылдың 4-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар – 1 300,0 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға – 12,8 млрд. теңге;
- қаржы құралдары – 40,8 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 17 326,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге );
-терең өңдеуді субсидиялауға – 1,7 млрд. теңге
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егісін 5,5 млн. га алқапта жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4,6 млн. га (-77,6 мың га), майлы дақылдар - 570 мың га (+74,6 мың га), мал азығы дақылдары - 370,4 мың га (+33,8 мың га).
Картоп отырғызу 8,9 мың га алқапта (+159,9 га), ал көкөністерді отырғызу - 1,5 мың га алқапта (+135,8 га) жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2026 жылғы қаңтар айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 11 бірлікті құрап, жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтарда - 14 бірлік, 0,5 млрд. теңге), оның ішінде:
- тракторлар - 69,9 млн. теңге сомасына 4 бірлік;
- сепкіш кешендер - 0,7 млрд. теңге сомасына 4 бірлік;
- басқа техника - 0,3 млрд.теңге сомасына 3 бірлік.
Мал шаруашылығы
2026 жылғы қаңтар айында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет – 16,3 мың тонна немесе 109,0% 2024 жылғы деңгейге қарай;
- сүт – 13,5 мың тонна немесе 118,7%;
- тауық жұмыртқасы – 52,8 млн. дана немесе 97,1%
2026 жылғы қаңтар айындағы жалпы мал басы саны:
Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 409,4 мың басты құрап, 2024 жылғы деңгейдің 104,2%-ын құрайды, оның ішінде:
- сиыр басы – 190,7 мың бас немесе 102,4%;
- жылқылар – 271,4 мың бас немесе 105,3%;
- қой мен ешкі – 601,3 мың басты немесе 98,7%;
- құстар – 10 200,2 мың басты немесе 102,9%;
- шошқа – 43,4 мың басты немесе 101,1%.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2026 жылғы қаңтар айында 24,1 млн. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді (2025 жылғы сәйкес кезеңге - 108,8%).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 43,9%, сүт – 13,3%, өсімдік майы – 23,2%, астық өңдеу – 5,4%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,1%, өзге салалар - 12,1% алады.
Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 7,4 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 224 тонна құрады.
Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 10,9 мың тонна болды, сары май өндірісі – 160 тонна, ірімшік пен сүзбе – 113 тонна, қышқыл сүт өнімдері- 811 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 2,9% өсім.
Өсімдік майы өндірісі 8,6 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 11,7% өсім.
Ұнтақталған ұн өндірісі 18,5 мың тонна құрады.